Қырғызстанда 111 жекеменшік клиника жабылады

Қырғызстанда 111 жекеменшік клиника жабылады
759

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда лицензиялық талаптарды орындамаған 111 жекеменшік клиника жабылады, делінген Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Таратылған мәлімет бойынша, биылғы жылдың 6 сәуірінде елдің Денсаулық сақтау министрлігінде жекеменшік медицина ұйымдарының лицензиялық талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Республика бойынша барлығы 370 емхана/кабинет тексерілген. 

Оның қорытындысына сәйкес, медициналық қызмет түрлерін көрсетуге арнайы лицензиясы жоқ немесе қызметі лицензия талаптарына сәйкес келмейтін мекемелердің жабылуына қатысты 111 акт түзілді. 

Инфекциялық бақылау стандарттарын сақтамағаны үшін 148 жеке кабинет/емханаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым шығарылып, айыппұл салынады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтарына шара қолдану жөнінде нұсқаулықтар жіберілді.
 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы