Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды

19 Мамыр 2022, 21:45
1787
Бөлісу:
Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркістан облысындағы неонатологтар мен балалар хирургтары жаңа туған нәрестені құтқарды. Кішкентай Рамазанға екі күн бойы құтқару операциясы жасалды,- деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәбидің анасы, Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігі асқынумен өтті. Сондықтан әйелдің босануы қиын болды. Бала гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастады. Гемоглобины өте қатты төмендеді.
№1 облыстық перинаталдық орталығы және облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада ота жасауға шешім қабылдады. Баланы тасымалдау өте қауіпті болды. Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, ота жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмек қолын созды. Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ота жасалды.

Түркістандық дәрігерлер сәбиді аман алып қалды

 Асқазанның идиопатиялық жарылуы - жаңа туылған нәрестелердегі сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Әріптестерім - неонатологтардың арқасында баланың жағдайы тұрақталып, олар сәбиді операцияға дайындай білді. Тәуекел үлкен болды, - деп түсіндірді хирург Сұлтанғали Сарыбаев.  

Қазіргі таңда Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты. Анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз.

Өзгелердің жаңалығы