Жастар бостандықтың, сөз бостандығы мен демократияның не екенін жақсы біледі – эколог

19 Мамыр 2022, 12:52
1946
Бөлісу:
Жастар бостандықтың, сөз бостандығы мен демократияның не екенін жақсы біледі – эколог
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Astana IT University-де Экологиялық белсенділер мен конституциялық реформаларды түсіндіру және қолдау жөніндегі қалалық еріктілер штабының кездесуі өтті.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі менеджері Әлішер Құмарғалиев жастар өзгерістерді қалайтынын айтты.

Бізге, яғни жастарға өзгеріс керек. Бастысы – демократия. Біз басқа ұрпақпыз және дүние есігін ашқаннан бері Тәуелсіз Қазақстанда тұрып келеміз. Әрине бостандықтың, сөз бостандығының және демократияның не екенін жақсы білеміз. Сондай-ақ барлығымызға өзімізді танытып, мақсатымызды жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік қажет, - деп айтты Экологиялық ұйымның өкілі.

Жастар бостандықтың, сөз бостандығы мен демократияның не екенін жақсы біледі – эколог

Әлішер Құмарғалиев Президент реформаларды іске асыру арқылы болашақтың үлгісіне жететінімізді көрсете білгенін айтты.

Мемлекет басшысы наурыздағы халыққа Жолдауында жаңа конституциялық тепе-теңдікті қалыптастыру тапсырмасын берді. «Жаңа Қазақстан» жаңа көзқарастарды талап етеді, - дейді эколог.

Ол эколог ретінде өзін бізді қоршаған орта мәселесі алаңдататынын айтты.

Қазір барлық ел климаттың өзгеріп жатқанын мойындап отыр. Біздің ішіп отырған суымыз, демалып отырған ауамыз және жейтін тамағымыз экологияға байланысты. Конституцияда «жер және оның байлығының иесі халық» деп көрсетілген және оны мемлекет халықтың атынан басқарады, - дейді Әлішер Құмарғалиев.

Еске сала кетейік, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өтеді.

Өзгелердің жаңалығы