Кәсіпкерлер Президенттен бизнесті тексеру мораторийін тағы бір жылға ұзартуды сұрады-ҰКП

19 Мамыр 2022, 20:08
1462
Бөлісу:
Кәсіпкерлер Президенттен бизнесті тексеру мораторийін тағы бір жылға ұзартуды сұрады-ҰКП

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Бұл кездесу туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров  пікір білдірді.


Бүгінгі кездесуге әртүрлі аймақтардан, санаттар мен салалардан бизнес өкілдері қатысты. Президент жариялаған саяси реформалар мен жаңа экономикалық күн тәртібі бәрімізге дамуға қуатты серпін береді.   «Атамекен» палатасының бүкіл трансформациясы да  бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасын құруға бағытталған,- деді Өстеміров.

Ол кездесуде шағын және орта бизнестің бірқатар жүйелі проблемаларына, ең бастысы, кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесі талқыланғанын айтты.

Кәсіпкерлер бақылаушы және құқық қорғау органдарының жұмысындағы жазалау жағына да шағымданады. Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Дегенмен екі жылға созылған пандемия кезеңі бизнес пен мемлекет үшін қиын сынаққа айналды. Тексерулерге жарияланған мораторий көптеген шағын бизнестің аман қалуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар пандемия мораторийден күтілген әсерді азайтты. Осыған орай шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бастамасын қолдап, тексерулерге мораторийді тағы 1 жылға – 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту ұсынылды,- деді Өстеміров.

Айта кетейік, Президент кездесуде Бас прокуратураға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау және әсіресе тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу фактілерінің алдын алуды барынша қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажетін айтты.

Өзгелердің жаңалығы