Билік қарапайым халық үшін – Берік Уәли
19 Мамыр, 15:15 540

Билік қарапайым халық үшін – Берік Уәли

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Референдумды қолдау жөніндегі республикалық штабтың мүшесі ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Оспанов, Берік Бекжанов, Фахриддин Қаратаев, Ғани Ташқараевпен бірге Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Берік Уәли facebook-парақшасында жазды.

Жиында «Жаңа Қазақстанды» құрудағы алдағы референдумның рөлі мен маңызын талқыладық. Еркін форматта өткен кездесуде медицина қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөнінде толығырақ түсіндіріп, түзету енгізілетін заңдарға рет-ретімен тоқталдық. Денсаулық сақтау саласы мамандарының сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдадық, – деді ол.

Сондай-ақ ол референдумның мән-маңызын, оны өткізудің ережелерін әр азаматқа түсінікті әрі қарапайым тілмен жеткізу маңызды екенін  айтты.

Сондықтан Екінші Республиканы құру үшін азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар беру – бізге жүктелген міндет. Осы орайда ел азаматтарының қоғамдағы белсенділігі күн сайын артып келе жатқанын айту керек. Еліміздің демократиялық, әділетті және өркениетті мемлекет ретінде дамып, гүлденуіне баршамыздың атсалысып, өз үлесімізді қосқанымыз абзал. Жарқын болашақ үшін бірлігімізді бекемдеп, дұрыс шешім қабылдайық, – деп жазды Берік Уәли.


Фото: дереккөз
Загрузка...