Еліміз құрылысшылары тоннель орнату бойынша германиялық тәжірибені меңгеріп жатыр

19 Мамыр 2022, 11:56
1207
Бөлісу:
Еліміз құрылысшылары тоннель орнату бойынша германиялық тәжірибені меңгеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде түрлі мақсаттағы тоннельдердің траншеясыз құрылыс тәсіліне сұраныс артып келеді. 

Диаметрі әр түрлі тоннельдерді жабық тәсілмен орнату бойынша өзара тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру аясында «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚазҚСҒЗИ) мамандары германиялық «HERRENKNECHT AG» компаниясына арнайы сапармен барды. Аталған шетелдік кәсіпорын тоннельдерді үңгілей қазу жабдықтарын шығаратын әлемдегі жетекші компания.

Сапар аясында ҚазҚСҒЗИ өкілдері Шванау қаласындағы тоннель жабдықтарын өндіретін зауытта болып, Эссен қаласындағы Эмшер тоннелінің құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ қазақстандық мамандар аталған зауыттың және тоннель құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, консультациялар өткізді.

ҚазҚСҒЗИ мамандарының айтуынша, түрлі мақсаттағы тоннельдердің жабық (траншеясыз) құрылысына сұраныстың артуына орай, келешекте осындай жабдықты еліміздің инфрақұрылымдық нысандарында кеңінен қолдану жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы