Өскеменде 54 үй пайдалануға берілді

19 Мамыр 2022, 08:35
1596
Бөлісу:
Өскеменде 54 үй пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Өскемен қаласындағы 28 шағын ауданда 54 жобалық үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Сондай-ақ ауқымды жеке тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аталған ауданда көктемде жер асты суы деңгейінің өсуіне байланысты мәселе туындағаны рас. Қазір арнайы құжаттар дайындалып, барлық қажетті жөндеу жұмысы басталады. Бұдан басқа, жағдай қайталанбауы үшін қосымша геологиялық зерттеулер де жүргізіледі. Қажет болған жағдайда мұнда суды бұру технологиясы қолданылады, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, шағын ауданда мектеп, үш балабақша және жүз орындық емхана салу жоспарланған көрінеді. 1000-нан астам жер учаскесі де дайын. Барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйесі, яғни жолдар, балалар алаңдары және басқа да абаттандыру нысандары қарастырылған.

Мен аудандағы үйлердің жобасы әртүрлі болуы үшін өзге жобаларды дайындауды тапсырдым. Қазірдің өзінде салынған 54 үй өте ыңғайлы әрі заманауи. Жақын арада бұл облыс орталығындағы ең перспективті аудандардың біріне айналары сөзсіз, - деп қосты облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы