Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, елде жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар.
Мысалы, бұл кен орындары – Ақмола және Қостанай облыстарының, сондай-ақ елдің орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындарын Орталық және Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, сонымен қатар Ресей және Қытаймен шекаралас өңірлерде ашуға болады. Вольфрам, молибден, алюминий, қалайы, сирек кездесетін пайдалы қазбалардың кен орнын ашу үшін мүмкіндік бар, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сөзінше, жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту үшін мемлекет алаңдарды геологиялық зерттеудің ерте сатыларын жүргізіп жатыр.
Олардың қатарында алаңды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру, терең геологиялық картаға түсіру кіреді. Соның нәтижесінде жер қойнауын пайдалану бойынша әрі қарай операцияларға одан әрі тарту үшін перспективалы учаскелер айқындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдарға арналған «Геология саласын дамыту» бағытын қамтитын «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы қабылданды. Соның аясында 2026 жылға қарай зерттеулердің жалпы ауданы 680 мың шаршы шақырымнан асуы мүмкін, - деді комитет басшысы.