Қауіпсіздігі осал объектілер тексеріліп жатыр

19 Мамыр 2022, 17:45
2672
Бөлісу:
Қауіпсіздігі осал объектілер тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында террористік тұрғыдан осал 1 мыңнан астам объекті орналасқан. 

Бұл адамдар көп жиналатын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Оның ішінде көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілері,- дер хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді. 

Полиция қызметкерлері объект басшыларына 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-3 бабының талаптарына сәйкес, ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын талаптармен танысуды ұсынады.

Заңнамаға сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында мынадай іс-шараларды іске асыруға міндетті. 

Атап айтқанда, объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздігінің төлқұжатын әзірлеу, персоналды терроризмге қарсы қорғау мәніне оқыту бойынша алдын алу және оқу іс-шараларын тұрақты түрде жүргізу; 

мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау;

бейне ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулік сапалы телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру;

жекелеген жағдайларда қолжетімділікті бақылау;

күзет дабылы мен қауіпсіздік жүйесін орнату («Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Үкіметтің 2021 жылғы 06 мамырдағы №305 қаулысы).

Объектілердің басшыларына көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 149 және 462-баптарының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданатын болады.

Қолданыстағы заңнама ТТО объектілерінің иелерін, басшыларын көрсетілген салада персоналды оқыту бойынша жеке ұйымдармен міндетті шарттар жасасуға міндеттемейтінін атап өту қажет. Мұндай объектілердің қызметкерлерінде терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша оқыту курстарынан өткені туралы бөгде ұйымдардың сертификаттарының болуы талап етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы