Суперпрезиденттік жүйенің соңы Қаңтар оқиғасына әкелді - саясаттанушы 

19 Мамыр 2022, 13:05
2716
Бөлісу:
Суперпрезиденттік жүйенің соңы Қаңтар оқиғасына әкелді - саясаттанушы 
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саясаттанушы, Қазақстан-Неміс университетінің профессоры Рустам Бурнашев Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары: Қазақстанның саяси жүйесінің болашағы»  атты дөңгелек үстел барысында айтты.

Саясаттанушының айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі президенттік басқару жүйесі өте ерекше және суперпрезиденттік жүйе бұрыннан қалыптасқан. 1995 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін Қазақстанда 2000 жылдардан бастап суперпрезиденттік жүйе сипат ала бастаған.

Суперпрезиденттік жүйенің соңы Қаңтар оқиғасына әкелді - саясаттанушы 

Сонымен қатар ол суперпрезиденттік жүйені құру жеңіл әрі жылдам іске асатынын жеткізді.

1995 жылдан 2000 жылдың басына дейін суперпрезиденттік жүйе тиімді жұмыс істеді, енді оны алмастыру қиынға соғып отыр. Елімізде суперпрезиденттіктен кету 2017 жылдардан басталды, заңға көптеген түзетулер енгізіле бастады. Яғни,  президент Парламентпен келісетін тұстар енгізілді, оның ішінде министрлердің позициясын таңдау да бар. 2019 жылдан бастап екі билік қалыптасты, бірі қазіргі президент болса, екіншісі тұңғыш президент. Екеуінің құзіреті де кең болды, алайда оның арты Қаңтар оқиғасына әкелді. Бұл жерде әскерилер де кімге бағынарын білмей қалды. Сондықтан басқарудың ол жүйесі үлкен қатерлерге толы. Сол үшін қазір Конституцияға түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр,-деді саясаттанушы.

Сонымен қатар ол президенттік әрі мықты Парламентті мемлекет құру үшін саяси партиялар белсенділігі арту қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы