Биыл қала аумағында 1000 бейнебақылау орнатылады – Шымкент

19 Мамыр 2022, 07:38
1636
Бөлісу:
Биыл қала аумағында 1000 бейнебақылау орнатылады – Шымкент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 2021 жылы қала аумағында 3177 бейнебақылау камералары орнатылған. Ал биыл тағы 1000 камера орнату жоспарда бар. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Оның ішінде:

877 көше қиылысына;

800 желілік учаскеге;

1500 жалпы бейнебақылау камерасы.

Қауіпсіздікті одан әрі дамыту үшін 2022 жылы қосымша 1000 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Оның ішінде:

800 қоғамдық қауіпсіздікті;

200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цирфландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында, 2023 жылы 1500 бейнебақылау камерасын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камерасын, ал, 2025 жылы 2500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы