Алматыдағы Абай даңғылы тағы ұзартылады

19 Мамыр 2022, 16:48
1964
Бөлісу:
Алматыдағы Абай даңғылы тағы ұзартылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Наурызбай ауданында биыл Шұғыла және Тастыбұлақ шағын аудандарында 14,5 км жолды жөндеу және Ақжар шағын ауданындағы 89 көшеге 45 км жол төсеу жұмыстары басталған. 
Жиын барысында әкім қаладағы басты жолдардың бір қатары ұзартылатынын жеткізді.

Абай даңғылы ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзартылатын болады. Ол үшін 73 жер учаскесін сатып алу қажет, 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады. Одан бөлек Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы қаласының әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнату және «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің ауданында жол төсеу жұмыстарын жүргізетін болады,-деді әкім.

Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін Жұбанов көшесін ұзартуды жобалау аяқталғанын айтты.

Аталған жобаларды орындау магистральдық жол желісін тығыздауға мүмкіндік береді екен және Наурызбай ауданының мегаполистің іскерлік орталығымен көліктік қатынасын  қамтамасыз етеді.

Бұған дейін қала әкімі метроның «Қалқаман» станциясын салу басалып кеткенін мәлімдеген болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы