Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қайдан алады?
19 Мамыр, 15:06 468

Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қайдан алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбалалы отбасы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдаманы қайдан, қалай алу керек. 

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули жолдама алу үшін білім беру ұйымының бірінші басшысының атына өтініш жазу керек екенін айтады.      

Жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
  • жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
  • жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
  • мектептің Қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және жолдама беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазғы уақытта 11 мыңнан астам мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион немесе 500 000-ға артық бала лагерлерде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады,- деді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.  

 


Фото: дереккөз
Загрузка...