«Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттері аталды

19 Мамыр 2022, 15:11
3374
Бөлісу:
«Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттері аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  «Ауыл аманаты» жобасы аясында партия жанындағы жобалық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты.

Партия хатшысының айтуынша, жобада көзделген мақсаттарға  жету үшін партия жанынан арнайы жобалық кеңсе іске қосылып, нақты алгоритм әзірленбек.

Жаңа әдістеме әрбір елді мекеннің географиялық ерекшелігі, жер, су, еңбек, қаржылық, өзге де ресурстар бойынша сандық көрсеткішерін жинауға бағытталады. Осылайша, әрбір ауылдың экономикалық мамандану бағытын анықтауға, атап айтқанда қай өңірде қандай ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге немесе өндірістің түрлерін ашуға болатынын көрсетеді. Ауылдық жерлерді аралау жалпы 7,7 миллион тұрғынды қамтитын 2400 ауылдық округте жүргізіледі, - деді спикер.

Сондай-ақ партия жанындағы жобалық кеңсенің басшысы Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, халықтың табысын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – тұрғындарға өнім өндірудің технологиялық циклдерін үйрету.

Жоба шеңберінде ТжКБ базасында тұтынушылардың талаптарына жауап беретін өнім өндірудің технологиялық картасын оқытатын құзыреттілік орталықтарының тұтас желісін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, өндірілетін өнімді өткізу процесін жеңілдете алады, - деді Нұрлыбек Мұқанов.

Эльдар Жұмағазиев іс-шара барысында  «Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – орау, температуралық сақтау сияқты қажетті пункттерді енгізе отырып, «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша өткізу тізбектерінің жаппай желісін қалыптастыру екенін атап өтті.

Осы жұмыстардың барлығын жүйелі ұйымдастыру үшін еліміздегі барлық салалық бағдарламаны біріктіре отырып, кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың бірыңғай ұлттық бағдарламасын қабылдау керек. Бұл алгоритмде кәсібін ашқан азаматтарға салықтық жеңілдіктер беру, бизнесті ғылыммен байланыстыру, кәсіпкерлікті қаржыландыруды қайта қарау секілді маңызды мәселелер көрсетіледі, - деді Эльдар Жұмағазиев.

Өзгелердің жаңалығы