Қостанайдағы «Музей түні»

19 Мамыр 2022, 10:18
2398
Бөлісу:
Қостанайдағы «Музей түні»
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. 18 мамыр ел аумағында халықаралық мұражай күні ретінде аталып өтіледі.

Дәл осы күні  жылдағы дәстүр бойынша «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайында» тәрбиелік мәні мен тағылымы  мол «Музей түні» бастамасы қайта жалғасын тапты. 

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Олай дейтініміз соңғы 2 жыл бойы COVID-19 індетінің қауіп төндіруіне байланысты  бұқаралық  іс-шаралар өтпей қалған болатын. 

Қостанайдағы «Музей түні»

Қостанайда өткен Музей түнінің барысымен тілшіміз танысып қайтқан еді. 

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Биыл Тобыл өңірінде өтіп жатқан «Музей түні» бағыты мен бағдары тағылымы жағынан салмақты бола түскендей. Себебі, осы жылы қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. 

Қостанайдағы «Музей түні»

Қай жағынан алып қарасаңызда адам баласы үшін өткенін түгендеп, тарихын зерделеуге музейдің атқарар рөлі мығым. Өздеріңіз білесіздер 2 жыл үзілістен кейін тамаша бастама қайта жалғанысын тапқанына біз шексіз қуаныштымыз. Осы жолы қасиетті қара шаңырағымыздың табалдырығын аттап жатқандардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қараияға дейін болуы көңіл қуантады, - дейді Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы директорының орынбасары Салтанат Өтелбаева. 

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Шара жергілікті өнер мектебінің оқушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарлмасымен басталды.

Музей алдына киіз үй тігіп, енесінен мирас болып қалған күбісінен талайды тамсандырып, бал татыған қара көжесін дайындап жатқан 80-дегі Биғанша Қарақызы әжейді жолықтырдық. 

Қостанайдағы «Музей түні»

Өзімнің енем ақтық демі үзілер алдында осы күбіні аманат етіп тапсырып еді. Сондан бері аманатты орындап келем. Күбім қысы-жазы бір күнде бос болған емес. Тіршіліктің қамымен қалаға қоныс аударсақ та қара көжемді дайындап, келген қонақтарыма дәм татырып тұрам, – дейді Биғанша Қарақызы әжеміз. 

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Ал, музей ішінде де іс-шаралар бір сәтке де толастамай лек-легімен өтіп жаты. Солардың бірі – «Ұлттар достығы» деп аталады. Онда елімізде мекен етіп жатқан түрлі  ұлт өкілдері өздерінің ұлтық киімдерімен шерулетіп Ахмет Байтұрсынұлының мерей тойына келді.

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Олар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты. Ерекше бір тоқтала кетер жайт,  «Музей түні» шарасы барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы жергілікті оқушылардан құрылған өнер театрының әртестері сомдаған көрініспен жалғасып, жұртшылық жүрегіне жол тауып жатты. 

Қостанайдағы «Музей түні»
Қостанайдағы «Музей түні»

Осындай тағылымды шараларды жас ұрпақ алдында үнемі өткізіп, санасына құйып отыру керек. 2 жыл үзілістен кейін музеймен қайта қауышып жатқан көрермендердің арасында жастардың болуы көңіл қуантады. Музейді біз көне заттар жинайтын орын деген сыңаржақ пікірден құтылып, құнды жәдігерлер мекені ретінде қарауымыз керек.  Өйткені мұндағы әрбір экспонаттың артында тұтас бір ғұмыр жатыр,- дейді А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Қалқаман Жақып. 

Өзгелердің жаңалығы