Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

19 Мамыр 2022, 07:18
1312
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 19 мамыр Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалыпты болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

19 мамырда барлық қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы