Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси платформа керек – депутат

19 Мамыр 2022, 16:07
1318
Бөлісу:
Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси платформа керек – депутат
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастармен кездесуде айтты.

Біз бір апта бойы өңірлерде азаматтармен, жастар мен еңбек ұжымдарымен кездесіп, сұрақтарға жауап бердік. Ең жиі қойылатын сұрақтың бірі – "Конституцияға енгізілетін өзгерістер менің өмірімді өзгерте ме?".  Барлығымыз халық тұрмысының жақсы болуы, жалақысы көбейіп, өмір сүру сапасы артқанын қалаймыз, – деді Зәкиева.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін барлық өзгеріс халықтың ел басқарудағы рөлін арттыруға бағытталған.

Алдымен аралас сайлау жүйесі ұсынылып отыр. Осыған дейін біз партияларға дауыс бердік, енді жекелеген адамдарға дауыс береміз. Жастардың белсенділігі де аса маңызды. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси платформа керек, – деді ол.

Айта кетейік, кездесуге студенттер мен жастар қозғалысының белсенді мүшелері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы