Жастарға арналған «NS Жас жігер» кешенді жобасы басталды
PHOTO
19 Мамыр, 17:30 695

Жастарға арналған «NS Жас жігер» кешенді жобасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі «Астана жастары» ЖРО-мен бірлесіп NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және жан-жақты қолдау үшін «NS Жас жігер» жобасын бастады. 

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жоба NEET санатындағы жастарды одан әрі жұмысқа орналастыру, әлеуметтендіру және дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге бағытталған. Осы жұмыс аясында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде белгілі спортшылардың қатысуымен спорттық турнирлер ұйымдастыру, танымал тұлғаларды, әлеуметтанушылар мен психологтарды жұмылдыру арқылы түсіндіру жұмыстарын өткізу, NEET санатындағы жастардың мәдени-ойын-сауық орталықтарына тегін бару секілді іс-шаралар бар.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана жастары» ЖРО бірлесіп «NS Жас жігер» жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл жобаның мақсаты – жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, сондай-ақ олардың бос уақытында футбол, баскетбол, волейбол, сондай-ақ спорттың өзге де түрлері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, - деп атап өтті «NS Жас жігер» жобасының үйлестірушісі Жанар Үсенова. 

Жоба аясында алғашқы іс-шара ретінде елордадағы 27 базар қызметкерлерінің қатысуымен футболдан турнир ұйымдастырылмақ.

Бізді футболдан өтетін турнирге қатысуға шақырды. Біз базарда жұмыс істейміз, осындай турнир ұйымдастыратынына өте қуаныштымыз. Қазір команда жинап, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз, - дейді қала тұрғыны Дулат Дархан.

Турнирдің алғашқы ойыны 11 маусымда өтеді. Зерттеу мақсатында арнайы топ жарыс алдында базарларды аралап шықпақ. Атап айтқанда, жоба үйлестірушілері Ұлжан, Көктал, Сәлем, Эталон, Астаналық базар, Самғау, Орталық базар, Алаш, Шанхай, Әмір және т.б. базарларға барады.


Фото: дереккөз
Загрузка...