Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
Мәлімдеуінше, медициналық қызметтерге 200 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталған.
Сатып алу жоспары бойынша 2022 жылы елордада МӘМС жүйесінде және ТМККК аясында медициналық көмек көрсетуге 197,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі күні қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 114 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасты. Оның 77-і – жекеменшік емханалар, - деп атап өтті филиал басшысы.
Оның айтуынша, халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет түрлерінің үлесі артып келеді.
Жыл өткен сайын медициналық көмек беретін жекеменшік қызметті жеткізушілердің саны көбейіп отыр. Бұл пациенттің үздік емхананы таңдауына мүмкіндік береді. Аймақтық бөлікте қарастырсақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілер үлесі - 67%. Тағы бір айта кетерлігі, астанада қор оңалту қызметтерін көрсететін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 20, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.