Әскери авиация бөлімі 30 жылдығын атап өтті

19 Мамыр 2022, 15:30
1695
Бөлісу:
Әскери авиация бөлімі 30 жылдығын атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының мәдени орталығында 3656 әскери бөлімінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті,деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Аталған шараға 3656 әскери бөлімінің басшылығы мен  жеке құрамы, әскер ардагерлері мен Қарулы Күштердің өкілдері қатысты. 

Салтанатты шара Әнұранмен басталды. Көрермендер назарына құқықтық тәртіп әскеріндегі авиацияның  құрылу тарихы мен дамуы туралы  арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды. Кейін баяндама оқылып, әскери бөлімнің қызметіне қатысты тын дүниелер айтылды.  

Әдеттегідей, Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және 3656 әскери бөлім командирінің бұйрығы жеткізіліп, қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен ардагерлер марапатталды.  

Әскери ұшқыштарды құттықтауға арнайы келген Ұлттық ұланның Авиация басқармасы бастығының орынбасары полковник  Қанат Досанов құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысы  генерал-майор Е. Ботақановтың құттықтау хатын  оқып, 3656 әскери бөлім командирі подполковник П. Хребтов пен жеке құрамына «Құқықтық тәртіп әскері: Ішкі әскерден Ұлттық ұланға дейін» атты тарихи туындыны табыс етті.  

Осыдан отыз жыл бұрын кешегі Ішкі әскерлер бүгінгі Ұлттық ұланның әскери авиациясының қабырғасы қаланды. Біздің әскери бөлім ұландық авиациясының алғашқы қарлығашы болды. Бүгінде елордамызға қоныс аударып, болашақта үлкен құрылымға айналғалы тұрмыз. Мемлекет басшысы және Ұлттық ұлан басшылығы алдымызға қойған маңызды міндеттерді орындауға әркез дайынбыз,-деді подполковник П. Хребтов.

Ұландық ұшқыштарды атаулы күнмен құттықтап келгендер аз болмады. Атап айтқанда,  Ұлттық ұлан Академиясының бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов атынан құттықтау хаты табыс етілді. Сондай-ақ,  6636, 5573 әскери бөлімдері командирлері мен өзара қарым-қатынас ықпалдастық органдарының өкілдерінен құттықтау хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің сүйемелдеуімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы