Елорданың полицейлері ата-аналарға балалардың жүрген жерін бақылауды ескертеді

19 Мамыр 2022, 19:45
1450
Бөлісу:
Елорданың полицейлері ата-аналарға балалардың жүрген жерін бақылауды ескертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті  ювеналды полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында елорда аумағында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөзі. 

Кейбір ата-аналардың немқұрайлығы мен бақылаудың жоқтығынан балалар өздерінің тұрған жерін ескертуді қажет деп санамай, үйден шығып кетеді. 

Жыл басынан бері қала аумағында кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар кәмелетке толмағандардың із-түзсіз жоғалуының 87 фактісін тіркеді, олардың ішінде 6 жасөспірім ІІО-ның ерекше бақылауында. Барлық балалар табылып, заңды өкілдеріне берілді. 

Тәртіп сақшылары тұрақты түрде жастар мен кәмелеттік жасқа толмағандар жиналатын тұрғын үйлердің, саябақтардың, скверлердің аулаларына тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, ал тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын еске салады.

Егер жасөспірім кешке үйге оралса, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны қарсы алуға тырысыңыз. 

Егер сіз баланың қайда екенін білмесеңіз және ол телефонға жауап бермесе, уақытты жоғалтпай, дереу полицияға хабарласыңыз. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері заңды өкілдерге балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы