Все новости за 17 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Биыл елімізде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
-
Өскеменде қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Облыс орталығындағы гараждардың бірінен қару-жарақ арсеналы табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған отырыс өтті.
-
Ішкі істер министрі Ұлттық ұланның қызметімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың Ұлттық ұланға іс-сапары өтті, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
Биыл Алматы облысында балық өсіру көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда
Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы Алматы облысында 6 мың тоннаға жуық тауарлы балық өсірілсе, биыл оның көлемін 8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Арал бекіресі қолдан өсірілетін болады. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастырған баспасөз турында айтылды.
-
Шымкентте Шежіре күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар бүгін Шежіре күнімен жалғасты. Shymqala кешенінде «Жеті атаның тарихы» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады әкімдікітің баспасөз қызметі.
-
Елордалықтар Наурыз мейрамын қайда атап өте алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абу Даби Плаза Елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесінің қарсаңында 19-20 наурыз күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады. Сауда орталығының қонақтарын жарқын ойын-сауық бағдарламасы мен сыйлықтар ұтыс ойыны күтіп тұр.
-
Реформалар ел игілігі үшін жұмыс істейді - павлодарлық ғалымдар
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президентінің Жолдауында айтылған саяси реформалар барлығы халық игілігі үшін аса маңызды. Торайғыров университетінің ғалымдары осындай пікірде.
-
Түркістан облысында толассыз жауған жауын салдарымен күрес жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз бен 16 наурызы аралығында толассыз жауын-шашын салдарынан Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарында көшелер мен аулаларды су басып, жер асты суларының деңгейінің көтерілуі байқалды.
-
Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» жеке көрмесінің ашылуы өтті.
-
Кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл облыс әкімдігі мен Отбасы банктің жобасы. Бірінші кезеңде бағдарлама «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға көмектеседі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды ұйымның кәсіподақ комитеттері анықтады.
-
Ерлан Қарин Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен жаңартылған құрамдағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
«Мәдениетаралық діни сауаттылық және жаһандық қауіпсіздік» семинары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-17 наурызда Шымкент қаласында АҚДМ Дін істері комитеті мен АҚШ-тың «LYN Community» үкіметтік емес ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында «Мәдениетаралық діни сауаттылық және жаһандық қауіпсіздік» атты семинар өтті.
-
Ахмет Байтұрсынұлы туған өңірде бірқатар жоба жүзеге аспақ
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық бюджетке түзету енгізу кезінде артылған ондаған миллион теңге Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қолға алынған жобаларға жұмсалатын болды.
-
Қанат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Әуесбай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиалының төрағасы боп тағайындалды.
-
Павлодар облысында 55 ауыл мектебі модернизациялаудан өтеді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде балалар жылы шеңберінде ауқымды іс-шаралар қолға алынады.
-
Әдемау Толысбаева: Азаматтық ұстаным, Конституциялық сот – Жаңа Қазақстан көріністері
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында Жаңа Қазақстан саяси жаңармайынша, елдің әлеуметтік ахуалы мен экономикасын жақсарту мүмкін еместігін нақты айтып өтті. Бұл туралы облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Әдемау Толысбаева бөлісті.
-
Елорда тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауы туралы қандай пікірде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына кезекті Жолдауын жариялады.
-
Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Білім-инновация» ХҚҚ қолдауымен «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті.
-
Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот санкциясымен Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды. Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қалалық соты растады.
-
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 14 мыңнан аса оқушы қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 14 369 оқушы қатысады. 14-22 ақпан аралығында өткен аудандық іріктеу кезеңдердің қорытындысы осындай. Олимпиаданың облыстық кезеңі 24 наурызда басталып, 30 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағанды облысында жаңа Қоғамдық кеңес сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі жаңарып, жасарды. 38 мүшенің ішінде азаматтық сектор мен партия өкілдері, кәсіподақ көшбасшылары, бизнесмендер, журналистер бар.
-
Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
МКК кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті.
-
Қарағандыда дармарка өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтті.
-
Елордада Наурыз мерекесіне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-22 наурыз аралығында Арнасай, 109 мекенжайында орналасқан павильонда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
-
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Үш адамнан ұрланған тауарлардың 200-ден астам түрі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Көліктегі полиция департаменті жедел-тергеу тобының өндірісінде Алматы қаласы халықаралық әуежайының ғимаратында орналасқан дүкендегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары қаралып жатыр.
-
Украинадағы қазақстандықтар эвакуациясын ұйымдастырған бірқатар азамат марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Мәслихат пен әкімдік таразының екі басы сияқты болуы керек — Бахадыр Нарымбетов
Шымкент, BAQ. KZ тілшісі. Президент Қазақстан халқына жолдауында жергілікті мәслихат функцияларын кеңейту, деңгейін көтеруге баса мән берді. Мәслихат әкімдікті қадағалап, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, бюджет қаржысын халықтың мұқтажын орындауға, сол мәселелерді шешуге бағыттауға ақылдасып отырады. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауында айтылған партияларды тіркеу, депутаттар корпусын жасақтау, мәслихат деңгейін көтеру, партиялық мәселе, жаңа облыстар жөнінде пікір білдірді.
-
Оман Сұлтандығы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптардың күшін жояды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады.
-
Қазақстан, Грузия және Армения ғалымдары суды зарарсыздандыру бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдарына Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының гранты ұсынылды.
-
Минералды тыңайтқыштар бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, фермерлер үшін барлық жағдай жасалған.
-
Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі ойындарға қатысуының қорытындысын шығарды.
-
Ақсу қаласының әкімі болып Нұрлан Дүйсенбинов тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының активіне Нұрлан Дүйсенбиновты жаңа әкім ретінде таныстырды.
-
ХҚКО-ға жүгірген халықтың видеосы қазақстандықтарды таңғалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығына жүгірген адамдардың видеосы канетте қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Қазақстан мен Корея жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Корея Республикадағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Халықаралық білім беру ұлттық институтының президенті Ким Ёнг Гонмен кездесті.
-
Абдулхалил Долкунтай : Президент бүкіл халықтың ынтымағын күшейтетін реформа ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы филиалының бірінші орынбасары Абдулхалил Долкунтай айтты.
-
Ұлттық ұлан өзіне жүктелген құқықтық тәртіпті әрі қарай да қамтамасыз етеді – Серәлиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлібек Серәлиев Президенттің Жолдауы туралы пікір білдірді.
-
Берік Уәли әкім болды деген ақпарат рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
-
Ардақ Назаров пен Алмазбек Садырбаев Adal партиясынан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Adal партиясының IX съезінде партияның хатшысы Нұрлыбек Мұқанов айтты.
-
Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы кезде Қазақстаннан автокөлік сатып алғысы келетін Ресей азаматтарының саны күрт көбейген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты мәлімдеді.
-
Сенатор жолдағы адамдардың өліміне қатысты мәселені көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, еліміздің жолдарындағы апат салдарынан адамдардың жарақаттануы мен қаза табуына байланысты болған күрделі жағдайларды көтерді.
-
Сенатта Қарулы Күштердегі аутсорсинг мәселелері көтерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанның Қарулы Күштерінде аутсорсингті қолдану мәселелері туралы айтты.
-
Сенатор мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы Жылыой ауданының тұрғындарын ұзақ жылдар бойы мазалаған мәселелерді Министрлер кабинеті басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында айтты.
-
Сенатор уран саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында жер қойнауы және оны пайдалану туралы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы мәселені көтерді.
-
Серік Сұлтанғали Adal партиясының AMANAT-қа қосылу себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саяси Adal партиясының IX съезінде Adal партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали айтты.
-
Дайрабаев Жолдау туралы: Көп азаматтың көкейінде жүрген бастама айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саяси Adal партиясының IX съезінде саяси кеңес мүшесі Жигули Дайрабаев айтты.
-
Президент тапсырмалары өңірлерді дамытуға тың серпін береді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар туралы жариялады. «Көкшетау» газетінің редакторы Гәкку Бәйішева Жолдауға қатысты пікірлерімен бөлісті.
-
Қазақстандық Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Еліміздің барлық өңірінде көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының басында ел Президенті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды. Соған сәйкес, көктемде 17 мыңнан астам азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда.
-
Алматыдағы Ұлттық кітапхана қоры Иран әдебиетімен толықты
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық кітапханасындағы Иран кітап бұрышына Алматы қаласы Иран Ислам Республикасы Бас консулының әдебиеттерді сыйға тарту рәсімі өтті.
-
Айдос Сарым: Конституциялық соттың қайтарылуы елдегі сот жүйесінің дамуына жақсы пәрмен береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Саяси реформалар 5.0: Сараптамалық көзқарас» атты дөңгелек үстел барысында мәжілісмен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым хабарлады.
-
Белгілі саясаткер елге саяси реформалардың не үшін қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Саяси реформалар 5.0: Сараптамалық көзқарас» атты дөңгелек үстел барысында мәжілісмен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым хабарлады.
-
Сенат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік беретін заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
-
Екіұдай пікірлерге қарамастан оң өзгерістер орын алып жатыр – мәжілісмен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Саяси реформалар 5.0: Сараптамалық көзқарас» атты дөңгелек үстел барысында мәжілісмен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым хабарлады.
-
E-HR жүйесі арқылы шамамен 4,4 млн еңбек шарты тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі – E-HR жүйесі) 4,39 млн еңбек шарты тіркелді, ал жүйенің өзіне 268 мыңнан астам жұмыс беруші қосылды.
-
Алматыда коронавирус жұқтырған 8 бала әлі ем алып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда 33 адамның коронавирус жұқырғаны ПТР тестімен расталды. Оның 26 симптомдық белгілері бар және 7 симптомсыз.
-
Мәулен Әшімбаев Президенттің бастамаларын іске асыру жолында әріптестерін белсенділік танытуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев Президенттің бастамаларын іске асыру жолында әріптестерін белсенділік танытуға шақырды.
-
Жолдау барлық болжамнан асып түсті деп сеніммен айтуға болады – Шаукенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Зарема Шаукенова Президент Жолдауы туралы пікір білдірді.
-
Әшімбаев: Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы – ұлт ретінде өсуіміздің жарқын көрінісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы біздің ұлт ретінде өсуіміздің жарқын көрінісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев айтты.
-
Әкімшілік-аумақтық реформалар мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді - сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру аясында Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарқын және сенімді айтылған ұсынысы ел тұрғындары арасында кең қолдау тапты. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Ерлан Медеубаев пікір білдіру кезінде айтты.
-
Қанат Қожахметов: Сана түзелмей қоғамда сыбайластық жемқорлық көріністері сейілмейді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы – 2018 жылы өз алдына бөлек аймақ болып шыққалы көп уақыт өте қойған жоқ. Өңірде қажетті инфрақұрылым, әлеуметтік сала, мәдениет т.б. барынша қарқынды дамып келеді. Осы ретте аймақтың даму процесінде жемқорлық көріністері орын алды ма? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мұның алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізуде? Жалпы, облыс жұртшылығы департамент жұмысымен қаншалықты таныс? Осы сауалдар төңірегінде біз департамент басшысы Қанат Қожахметовпен сұхбаттасқан болатынбыз.
-
Жаңа Қазақстанды құруға әр адам өз үлесін қоса алады – Марат Әзілханов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барша ел болып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадық. Жолдауда саяси реформалар бағдарламасы жарияланып, бұл Жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің басталуын белгіледі, деді ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.
-
Бұл Жолдаудың билік үшін де, халық үшін де жүгі ауыр – Тұрар Сәттарқызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын асыға күттім. Қаcіретті қаңтар күндерінен кейін мемлекетіміз бұрынғысынша болмайтынын, өзгеріс керек екенін, оның ішінде алдымен саяси өзгеріс қажеттігін әр қазақстандық жүрегімен ұғынды, дейді Этнология магистрі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласы Аналар кеңесінің мүшесі Тұрар Сәттарқызы.
-
Індетке шалдыққан 75 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 17 наурыздағы ақпарат жарияланды.
-
Матрица: Барлық өңір «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елордада бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана бойынша мемлекеттік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Қаулығы сәйкес карантин талаптарына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
509 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 509 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 78 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 16 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының биылғы қаңтар айында басталған «Күшіміз-бірлікте» әскери-патриоттық акциясы Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарында жалғасты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Ресей Еуропа Кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың тиісті хаты Еуропа Кеңесінің бас хатшысына тапсырылды.
-
Қазақстанда құрылыс жүргізудің жаңа стандарттары енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары енгізілетін болады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада көпбалалы отбасыларға тұрмыстық техникалар сыйға тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Наурыз мерекесі қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға «Технодом» компаниясының демеушілігімен тұрмыстық техникалар тапсырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлер бригадасы түнгі жорыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығу кезінде барлаушылар ротасы базадан 30 шақырым жерді жаяу жүгіріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Израильде омикронның модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Израильде омикронның модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды. Шетелден оралған екі жолаушыда коронавирустың штамы тіркелді, деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды.
-
Паражүзуден әлем кубогы: Ел қоржынында - 18 медаль
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің параспортшылары жүзуден әлем кубогына қатысып, қоржын жүлдеге толып қайтты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті.
-
Жапонияның солтүстік-шығысында қатты жер сілкінісі орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магнитудасы 7,3 балл болатын жер асты дүмпуі Фукусима префектурасының Намиэ ауылынан 66 шақырым жерде орын алды. Зілзала ошағы теңіз түбінде 33 шақырым қашықтықта тіркелді.
Наверх