Елордада Наурыз мерекесіне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

17 Наурыз 2022, 17:01
1177
Бөлісу:
Елордада Наурыз мерекесіне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-22 наурыз аралығында Арнасай, 109 мекенжайында орналасқан павильонда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Өз өнімдерін Шығыс Қазақстан, Ақмола және басқа да жақын маңдағы облыстардың кәсіпкерлері мен фермерлері ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңкенің есігі келушілер үшін күнделікті ашық. Мұнда азық-түлік тауарларының барлық түрі сатылады: ет, көкөніс, жарма, азық-түлік, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және т.б. Ал мұндағы баға нарықтан 15-20%-ға арзан.

Жәрмеңкеде өз тауарын саудалағысы келетін кәсіпкерлерге орын тегін беріледі. Ол үшін 8 747 810 35 07 нөміріне хабарласу қажет.

Арнасай көшесі, 109 мекенжайында өтетін жәрмеңке 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы