Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

17 Наурыз 2022, 20:25
1968
Бөлісу:
Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі Айдана Мінайдарованың «Күн шапағы» жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Бұл жеке көрме – суретшінің шығармашылық жолындағы алғашқы дебюті. Автор елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына акварель және маймен орындалған 50-ден астам туындысын ұсынды.

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Авторға адамдардың сыртқы келбеті емес, жеке тұлғасы мен іс-әрекеті шабыт береді. Айдана портрет сала отырып, заманымыздың бейтаныс кейіпкерлерін суретке түсіруге күш салады. Оның шығармашылығында балалардың портреттері ерекше орын алады. «Бұл әсіресе, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев елімізде жариялаған Балалар жылында өте өзекті, – деп атап өтті көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Айдана Мінайдарова – қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы. 2017 жылы Айдана жағасы мен орамалының авторлық суреті бар аксессуарлар желісін шығарды. Сол жылы суретші арнайы Миландағы көрме үшін «AV» брендімен бірге дизайнерлік көзілдіріктерді өрнектеді.  

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Тайландтағы EURASIAN FASHION WEEK халықаралық алаңында «NOSI MOYO» қазақстандық брендімен бірге Айдана киім топтамасын жасау бойынша суретші әрі дизайнер болып өнер көрсетті.

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Мұнда қойылған суреттердің көбін мен соңғы екі айда салдым... Ғаламторды өшірген кезде, гаджеттерден бас алмайтын адамдар айналасына зер сала бастады. Мен де жан-жағымдағы барлық жанға назар аудардым. Менің жүрегіме жақын дүниені ғана емес, қоршаған ортама қымбат барлық нәрсені бейнелей бастадым, – деп ой бөлісті суретші Айдана Мінайдарова.

Осы іс-шара аясында акварельді портретті орындау бойынша көрме авторынан шеберлік сағаты, сондай-ақ психолог А. Жансерікованың қатысуымен отбасылық құндылықтар, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынастары тақырыптарында «Ата-аналар мен балалар: сенім және достық» шығармашылық тренингі өтті.

Елордада «Күн шапағы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Көрме соңында өнертанушы П.Жукова «Pollock: sense of colours» (Түстерді сезіну) дәрісін өткізді.


 


 

Өзгелердің жаңалығы