Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің финалына шықты

17 Наурыз 2022, 22:48
1177
Бөлісу:
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Пхукетте садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.

Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.

Айта кетсек, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы