Қазақстан мен Корея жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

17 Наурыз 2022, 15:01
1499
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстанның Корея Республикадағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Халықаралық білім беру ұлттық институтының президенті Ким Ёнг Гонмен кездесті.  

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті.

Атап айтқанда, 2019 жылы екі елдің білім министрліктері арасында жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатқа сәйкес, жыл сайын Қазақстаннан 20 студент және Оңтүстік Кореядан 20 студент екі елдің үздік университеттерінде шәкіртақы бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне ие.  

Сонымен қатар, кездесу барысында елші Оңтүстік Корея университеттерінде техникалық кадрларды даярлауға және Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің Қазақстанда филиалдарын ашуға қызығушылық танытты.  

Кездесу соңында тараптар білім беру саласындағы белсенді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы