Сенатта Қарулы Күштердегі аутсорсинг мәселелері көтерілді

17 Наурыз 2022, 13:33
1306
Бөлісу:
Сенатта Қарулы Күштердегі аутсорсинг мәселелері көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанның Қарулы Күштерінде аутсорсингті қолдану мәселелері туралы айтты.

Сенатор төтенше жағдай кезінде әскерлерді үздіксіз қамтамасыз ету бұзылған фактілер байқалған қаңтар оқиғасы күндерінде әлеуетті органдарда аутсорсингті қолдану елеулі қауіп-қатер төндіретінінайқын көрсеткенін атап өтті.

Мысалы, «ҚазМұнайГаз-Аэро» мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор сол кезеңде елдің әуежайларында, оның ішінде астанада температура төмен болған кезде әлеуетті органдардағы әуе күштері авиациялық отынының қатып қалу мүмкіндігін азайтуға арналған кристалдануға қарсы сұйықтықпен қамтамасыз ете алмады, - деді ол.

Сенатор көтерген тағы бір мәселе – Қарулы Күштерді сапасыз азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр. Төтенше жағдай кезінде елордада әскери қызметшілердің ішек жолдарының жаппай улану фактілері тіркелді. Егер есте болса, тамақ беруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған мердігердің кінәсінен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты елуден астам әскери қызметші аурухана төсегіне жатуына тура келді.

Мұндай жағдай, өкінішке қарай, коммерциялық құрылымдар ең алдымен пайда табуға және шығындарды азайтуға мүдделі екенін көрсетеді және ол бір рет қана болып отырған жоқ. Бұл әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге теріс әсер етеді. Кейбір жағдайда бұл қамтамасыз етудің бұрынғы дағдысына мәжбүрлі түрде оралуға әкеледі, - деді депутат.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов осыған байланысты Министрлер Кабинетінің басшысынан Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы аутсорсингтің қазіргі жүйесіне кешенді талдау жүргізуді, сондай-ақ тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуге қатысы жоқ құралымдарда аутсорсинг қызметі сақталатын күштік органдарға материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырудың аралас қағидатын енгізуді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы