МКК кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімін жариялады

17 Наурыз 2022, 17:33
1451
Бөлісу:
МКК кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті.

2021 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілуде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті.

2022 жылғы 15 қыркүйек – кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) электрондық түрде тапсыру мерзімі.

Декларация қағаз түрінде тапсырылатын болса, 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей табыс етілуі тиіс. 2022 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің тұлғалары ұсынады, олар 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған болатын, - делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тұратын) жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Өзгелердің жаңалығы