Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті

17 Наурыз 2022, 18:27
2714
Бөлісу:
Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Білім-инновация» ХҚҚ қолдауымен «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті.

Бұл іс-шараның салтанатты ашылуына БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова және «Білім-инновация» ХҚҚ президенті Дархан Өте қатысты.

«Білім және денсаулық-2022» көрмесін өзінің алғы сөзімен Білім және ғылым вице-министрі  Шолпан Каринова ашты.

Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршамызға аян. Осы мақсатта оқушыларымыздың тың бастамаларын қолдауға дайынбыз. Жалпы балалардың ғылымға, білімге, жаңашылдыққа құштарлығы бізді қуантады. Бүгін осы көрмеге жиналған оқушыларымыздың әр жұмысы үлкен жетістік, - деп айтты вице-министр. 

Сонымен қатар «Білім-инновация» ХҚҚ президенті Дархан Өте дарынды жастарға білімдерін аямай жүрген ұстаздарға алғысын жеткізді.

Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті

Ел болашағы жастарымыздың бұл алғашқы қадамы әлемдік ірі ғылыми жобаның ашылуына сеп болады. Осындай талапты жастардың білімін жетілдірген ұстаздар қауымына алғыс білдіремін, - деді ол.

Көрмені тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, балалардың ғылыми жобаларына қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен қонақтары әр стендтің жанынан шықпай бар ынтасымен тыңдап, суретке түсірді. Көрмеге «Білім-инновация» ХҚҚ және «Білім орда» ХҚҚ қарасты бірқатар мектеп-лицей оқушыларының жұмыстары қойылды. 

Елордада «Білім және денсаулық-2022» көрмесі өтті

Жалпы, соңғы уақытта ұлттың саулығы өте өзекті тақырып. Дүние елдері ұрпақтың білімді һәм дені сау болуына басты назарды аударып отыр. Көрмеде де оқушылар замандастарына зиянды әрекеттен аулақ болуына,салауатты өмір салтын ұстануына үн қосуды  өз жобалары арқылы көрсетті. Сондай-ақ соңы технологиялар бойынша түрлі инновациялық жобаларды құрастырып, уақыты мен білімін арнаған оқушылардың еңбегі көпшілік көңілінен шықты.

 

Өзгелердің жаңалығы