Елордада көпбалалы отбасыларға тұрмыстық техникалар сыйға тартылды

17 Наурыз 2022, 05:17
1519
Бөлісу:
Елордада көпбалалы отбасыларға тұрмыстық техникалар сыйға тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Наурыз мерекесі қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға «Технодом» компаниясының демеушілігімен тұрмыстық техникалар тапсырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір, сол сияқты «Жас Сарбаз» қозғалысының өкілдері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Наурыз мейрамымен арнайы құттықтап отыр. Алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді көпбалалы ана Карина Абаева.

Қайырымдылық іс-шарасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Бізді мереке күндері осылай елеп, құттықтағандарыңызға алғысым шексіз. Бұл біздің жүрегімізге қуаныш ұялатады. Біздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз ертеңгі күні еліміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенімім мол, - деді көпбалалы ана Гүлнәр Тоқтар.

Өзгелердің жаңалығы