Әкімшілік-аумақтық реформалар мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді - сарапшы

17 Наурыз 2022, 10:22
2543
Бөлісу:
Әкімшілік-аумақтық реформалар мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді - сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында республикамыздың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру аясында Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарқын және сенімді айтылған ұсынысы ел тұрғындары арасында кең қолдау тапты. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Ерлан Медеубаев пікір білдіру кезінде айтты. 

Оның айтуынаша, 1997 жылға дейінгі әкімшілік-аумақтық шекарадағы бұрынғы Алматы, Жезқазған, Семей облыстарының тұрғындары дән риза. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жаңа атаулары маңызды саяси және тарихи-мәдени мәнге ие. Олар терең символдық мағына мен тарихи жадыны бейнелейді.

Ұлы Абай, оның рухани-адамгершілік мұрасы қазақстандық азаматтық бірегейліктің ажырамас бөлігі болды. Облысқа ұлы ақынның есімін беру туралы әділ шешім қабылданды. Абайдың өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланысты болды. Аймақ қазақ халқының жаңа және қазіргі заман рухани мәдениетінің бесігі болып саналады. Бұл Шәкәрім мен Мұхтар Әуезовтің туған жері. Мұнда ХХ ғасырдағы Алаш Қазақ ұлттық қозғалысының бастаулары алынады,-деді ол.

Сонымен қатар ол Ұлытау – орталық Қазақстанның тас және қола дәуірінің ежелгі өркениетінің ошағы екенін айтты. Бұған ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің кесенелері, жартастағы суреттер, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және ғалымдар тауып, зерттеген басқа да ежелгі ескерткіштер балқыған металлургиялық пештер дәлел бола алады.

Ерте орта ғасырлар кезеңінде Ұлытау Қанғар мемлекеттік Одағының әскери-саяси орталығы болған. Бұл Қазақстанның ұлттық тарихындағы елеулі оқиға. Ұлытауда Жошы хан мен Алаша ханның кесенелері тұрғызылған. Тарихы тереңде жатқан бұрынғы Жезқазған облысының жаңа атауы аймақтың ұлы тарихы өткенін толық көрсетеді,-деді сарапшы.

Сонымен қатар ол жаңадан құрылатын Жетісу облысына қатысты өз пікірін білдірді.

«Жеті» саны түркілердің қасиетті саны екені ежелден белгілі. Сол себепті өңірге Жетісу атауы тегіннен-тегін берілмесе керек. Бұл ежелгі Үйсін мемлекетінің, Батыс Түрік қағанаты мен Қарақытай мемлекетінің, Шағатай ұлысының және Моғолстанның Тарихи аумағы. XIX ғасырдың соңғы үштен бірінде және 1917 жылы Ресей монархиясы құлағанға дейін Жетісу Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысы болды. Біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде Қазақ КСР астанасы Алматы өлкенің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуының локомотиві болды. Жетісу атауы өңірдің бай тарихи өткеніне қайта оралады, оның географиялық және этномәдени өзіндік ерекшелігін көрсетеді,-деді Ерлан Медеубаев.

Сөз арасында ол Президент Жолдауында айтылған Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы саласындағы реформалар біздің мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. 
 

Өзгелердің жаңалығы