Сенат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік беретін заңды қабылдады

17 Наурыз 2022, 11:48
1385
Бөлісу:
Сенат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл келісім ТМД елдерінің уәкілетті органдары арасында жасалды.

Ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Келісімге 2020 жылғы 18 желтоқсанда Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды. Келісімді ратификациялау, достастық елдерінен азаматтықтың болу-болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға визалар, жылжымайтын мүлік не мүліктің сипаттағы міндеттемелері, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады, - деді вице-министр.

Сөзінше, бұл құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Марат Қожаев келісім бойынша қандай ақпараттар алуға болатынына тоқтала кетті.

Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде, адамның жеке басын растауды азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету шеңберінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салулар арқылы ала алады. Жауап мерзімі 2 айдан аспауы тиіс. Келісімде азаматтардың жеке басы туралы мәліметтердің құпиялылығы ол мәліметтерді пайдалануға шектеулер, сондай-ақ сұрау салуды қанағаттандырмайтын жайттар нақты жазылған, - деп толықтырды ол Сенатта.

Оның сөзінше, келісімді ратификациялау достастық елдеріндегі құзыретті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігінің арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы еліміздің барлық мүдделі мемлекеттік органымен келісілген.

Өзгелердің жаңалығы