Ұлттық ұлан өзіне жүктелген құқықтық тәртіпті әрі қарай да қамтамасыз етеді – Серәлиев

17 Наурыз 2022, 14:30
2036
Бөлісу:
Ұлттық ұлан өзіне жүктелген құқықтық тәртіпті әрі қарай да қамтамасыз етеді – Серәлиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық  жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлібек Серәлиев Президенттің Жолдауы туралы пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауын мұқият тыңдағаннан кейін, бір байқағаным – еліміз демократиялық тұрғындан жаңару жолына түсті. Адам құқықтары мен сөз бостандығы – басты құндылық болып табылады. Оның негізгі темірқазығы – құқықтық мемлекетті нығайту, заң үстемдігінің салтанат құруы. Демек қандай жағдай болмасын, адамдық конституциялық құқықтар приципінде, заң аясында шешілу керек.  Мемлекет басшысы өкілеттілігін асыра пайдаланған құқық қорғау қызметкерлерінің әрекетін айыптағанымен, сын сағатта ел қорғаған полиция қызметкерлері мен әскери қызметкершілердің ерлігін ескеріп, Отан қорғаушылардың құқықтарының сақталуына ерекше тоқталды, - деді Серәлиев. 

Ол атағандай, Ұлттық ұлан жауынгерлері «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде еліміздің конституциялық құрылымын, тұрақтылығы мен тыныштығын қорғады, азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге атсалысты. 

Баршаларыңызға белгігі Алматы, Шымкент қалаларында және басқа да облыс орталықтарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бұзақы топпен қарсыласудың салдарынан жарақат алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің саны 400-ге жетті. Бұдан бөлек жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 90-нан аса әскери техникасы зардап шекті. Нәтижесінде, ел басшылығы да, құқықтық тәртіп әскері де үлкен «күшке» қарсы тұрды. Президенттің төңкеріс ұйымдастырушыларды осылай сипаттауынан құзырлы органдар мен әскер қандай алпауыт қауіп-қатермен бетпе-бет келгенін түсінуге болады, - деді ол. 

Әлібек Серәлиев атағандай, ұландық жауынгерлер өздерінің міндеттеріне, берген әскери анттарына адал болды. 

«Бұйрықтың аты – бұйрық» деп бүлікшілерге жол бермеген офицер Ұлан Мырзабаев та, жас өмірлерін бейбіт өмір жолында қиған қатардағы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов та өз ерліктерімен  «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіс болашақ Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Біз өткеннен сабақ алып, бүкіл ел болып, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімізьен сезінуге, татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінуге тиіспіз. Қазақстан Президенті айтқандай: «Қазір саяси баррикадалар орнатып, әр мәселеге бола митинг өткізетін, күмәнді шешімдерге итермелеп, жөнсіз талап қоятын, міндетін орындап жүрген полиция қызметкерлерінің жағасына жармасатын уақыт емес». Қазір тәуелсіздігіміз бен конституциялық құрылымымызды нығайтатын уақыт. Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елордалық жедел бригадаға барған алғаш сапарында Ұлттық ұланға «Нағыз ерлік пен патриотизм мектебі» деген баға берген болатын. Өз кезегінде  Ұлттық ұлан әскері мәңгі сақшы іспетті өзіне жүктелген міндеттерге сай құқықтық тәртіпті әрі қарай да қамтамасыз ететіне сендіргім келеді, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы