Израильде омикронның модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды

17 Наурыз 2022, 03:10
1642
Бөлісу:
Израильде омикронның модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Израильде омикронның модификацияланған геномдық нұсқасы анықталды. Шетелден оралған екі жолаушыда коронавирустың штамы тіркелді, деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрлігі. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Елге келген кезде жолаушыларға жүргізілген ПТР тестілері "омикрон" нұсқасы мен оның BA.2. қосалқы түрінің үйлесімін анықтады, - делінген ресми мәлімдемеде. 

Жолаушыларда жеңіл қызба және бас ауруы байқалған, олардың ешқайсысына арнайы медициналық көмек қажет болмады. Алайда, коронавирустың жаңа нұсқасының өршуі аясында вирусологтар сақтық шараларын әлсіретпеу керек деп санайды. 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ел тұрғындарын көктемнің алғашқы айларында COVID-19 вирусына қарсы қайта вакцинациялауға шақырды. 

Наурыз бен сәуір айларының эпидемиологиялық жағдайды одан әрі дамытудағы маңызы ерекше, сондықтан бұл уақытты ревакцинация үшін қолданған дұрыс, - деді Мурашко. 

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцинация және ревакцинация Ресейдің барлық аймақтарында жүргізілуде. Елде "Спутник V" және "Спутник Light” препараттарынан басқа, SARS-CoV-2 вирусына қарсы "КовиВак", "ЭпиВакКорона-Н" препараттары да қолданылады. 24 қарашадан бастап жасөспірімдерге арналған алғашқы отандық вакцина "Гам-КОВИД-Вак М" екпесі тіркелді. 
 

Өзгелердің жаңалығы