Түркістан облысында толассыз жауған жауын салдарымен күрес жалғасып жатыр

17 Наурыз 2022, 20:43
1144
Бөлісу:
Түркістан облысында толассыз жауған жауын салдарымен күрес жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз бен 16 наурызы аралығында толассыз жауын-шашын салдарынан Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарында көшелер мен аулаларды су басып, жер асты суларының деңгейінің көтерілуі байқалды.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың (35 қызметкер мен 17 техника) тарапынан үйлерді су басуының алдын алу мақсатында аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Жетісай ауданы, Қоғалы ауылы автожолының бойында "Қоғалы" қорғаныс бөгетін нығайту бойынша жұмыстар (бөгет жолдарды су басудан қорғауға арналған, бөгеттің ұзындығы 300 м, биіктігі 2-2,5 м, ені 3-6 м) жүріп жатыр. Сонымен бірге инертті материалмен (38 текше метр тас және топырақ үйінді төсеу) арықтар мен каналдарды тазарту (Құрбан ата және Бәйтерек ауылдарында барлығы 500 метр тазартылды) жұмыстары қолға алынған.

Қазіргі таңда 241 үй аулаларынан 35119 текше метр су сорып шығарылды. Оның ішінде 2022 жылғы 17 наурыз күні сағат 00-00-ден бастап 20 аула аумағынан 6 700 текше метр су шығарылды.

Жұмысқа барлығы 170 қызметкер, 60 бірлік мотопомпа және 44  техника, оның ішінде ТЖ департаментінің жеке құрамынан 66 адам, 39  мотопомпа және 11 арнайы техникасы тартылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 104 адам, 21 мотопомпа және 33 техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басу қаупі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы