Ардақ Назаров пен Алмазбек Садырбаев Adal партиясынан шықты

17 Наурыз 2022, 14:15
2588
Бөлісу:
Ардақ Назаров пен Алмазбек Садырбаев Adal партиясынан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Adal партиясының IX съезінде партияның хатшысы Нұрлыбек Мұқанов айтты. 

Саяси кеңес мүшелері Алмазбек Садырбаев пен Ардақ Назаровтан арыздар келіп түсті. Олар өз шешімдерімен саяси кеңес мүшесінен шықты. Қосымша түрде делегаттарға Қызылорда филиалының басшысы Балғынбек Жақсылықов, Алматы облысынан Ләззат Шыңғысбаева, Орталық аппараттағы өңірлердің үйлестірушісі Ақмарал Бекмұрзаева және Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Нұрлыбек Әбіловты саяси кеңес мүшесіне қабылдауды ұсынамын, - деді ол. 

Өз кезегінде партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев бұл екі азаматтың партиядан кету себебін түсіндірді. 

Осы орайда түсінбеушілік орнауы мүмкін. Алмазбек Садырбаев пен Ардақ Назаровтың саяси кеңестен шығуына AMANAT-қа қосылу себеп емес. Олар бұл шешімді осыған дейін қабылдады. Алмазбек Садырбаев екі ай бұрын осындай шешім қабылдады. Сондықтан бұл екі адамның партиядан кетуін жақындағы шешімдерге байланысты емес екенін айтқым келеді, - деді Жұмағазиев. 

 

Өзгелердің жаңалығы