Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлер бригадасы түнгі жорыққа шықты

17 Наурыз 2022, 04:20
1322
Бөлісу:
Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлер бригадасы түнгі жорыққа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығу кезінде барлаушылар ротасы базадан 30 шақырым жерді жаяу жүгіріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Салмағы 25 келіден астам жорық құралдарын асынған әскерилер түнде көру құрылғысының көмегімен атыс қаруларын қолданды. Ротаға күтпеген шабуыл жасауға ниетті қарсыластың бетін қайтару жүктелген. Бүркеніш халат киген жауынгерлер берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты. 

Шеруде арнайы нормативтер мен кедергілерден өттік. Бұл арнайы оқу-жаттығу барлаушылардың қырағылығын арттырып, өзіне деген сенімділігін ұштай түседі. Біз барлаушылар еліміздің беріктігін қамтамасыз етуге толық дайынбыз, – деді № 390 теңіз жаяу әскерлері бригадасының жауынгері Әділжан Хамит.

Өзгелердің жаңалығы