Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

17 Наурыз 2022, 02:15
1464
Бөлісу:
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары медициналық маска киіп жүрудің белгілі бір талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Медициналық немесе мата маскаларын келесі жағдайларда кию мәндеттеледі:

  • 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ, қоғамдық көлікте;
  • Сovid-19-ға ұқсас белгілері бар адамдарға көмек көрсету кезінде (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарында Ashyq қосымшасын қолдану жалғаса береді.

Бұдан басқа, халық арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылау күшейтілді.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы