Павлодар облысында 55 ауыл мектебі модернизациялаудан өтеді

17 Наурыз 2022, 19:10
1576
Бөлісу:
Павлодар облысында 55 ауыл мектебі модернизациялаудан өтеді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде балалар жылы шеңберінде ауқымды іс-шаралар қолға алынады. 

Облыстық білім беру басқармасы мамандарының хабарлауынша, аймақта білім беру нысандарын жөндеу, салу бағытында жобалар жүзеге асырылады. 

Ведомстао басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, биыл «Заманауи мектеп» жобасы жалғасын табады.

Жоба аясында мектептерді жөндеуге 3932 млн теңге қарастырылмақ. Ауылдық жерлерде орналасқан 55 білім беру ошағы жаңартылады. Жөндеу жұмыстары жаз айларында өткізіледі. Мектептерде жаңа модификациядағы кабинеттер, жиһаздар пайда болады. Ауылдағы нысандар қаладағы мектептерден кем болмайды. Өткен жылы 56 орта оқу орныд күрделі жөндеуден өтті, - дейді Дінислам Болатханұлы.

Балалар жылы шеңберінде жеткіншектерді әлеуметтік қолдауға басымдық беріледі. Біріншіден, балабақшаларда әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың ұл-қыздары тегін тамақтанумен қамтылады. Екіншіден, бастауыш сыныпта оқитын барлық оқушылар тегін тамақтанады. Бұл игілікке бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Үшіншіден, қала балалары қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаларды баспанамен қамту үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Бабалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру да басты назарда. Осы жылы аутизим синдромы бар балаларға арналған орталық ашылады. Ауыл және қала көшелерінде жаттығу құралдары, шағыр футбол алаңдары орнатылады. Облыс орталығындағы екі мектеп аумағында спорт алаңы бой көтермек. Сонымен қатар, білім беру нысандарының маңында «жатқан полицей» құралдары орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы