Украинадағы қазақстандықтар эвакуациясын ұйымдастырған бірқатар азамат марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 17 Наурыз 2022, 16:29
17 Наурыз 2022, 16:29
1751

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1. Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Калетаев Дархан Аманұлы

–

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Қызыр Думан Манарбекұлы

–

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі; 

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен

Қаражанова Макка Сағынғалиқызы

–

Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина

Маслюк Галина Дмитриевна

–

Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;

«Құрмет» орденімен

Әлібеков Аслан Аманжолұлы

–

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен

Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы

–

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі

Кагенов Азамат Мағжанұлы

–

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің атташе – консулы

Маманов Дархан Серікұлы

–

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – консулы

Сәбитұлы Бекзат

–

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы  – консулы;

«Шапағат» медалімен

Амангелдин Руслан Берекеұлы

–

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары

Денисенко Анна Владимировна

–

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі консулының көмекшісі

Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы

–

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің екінші хатшысы

Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы

–

Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Наверх