Екіұдай пікірлерге қарамастан оң өзгерістер орын алып жатыр – мәжілісмен

17 Наурыз 2022, 11:35
1394
Бөлісу:
Екіұдай пікірлерге қарамастан оң өзгерістер орын алып жатыр – мәжілісмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Саяси реформалар 5.0: Сараптамалық көзқарас» атты дөңгелек үстел барысында мәжілісмен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым хабарлады. 

Шынын айту керек, Президенттің Жолдауын күткен кезде екіұдай пікір болды деп айтуға болады. Бір жағы: «Не болады дейсіздер», «Қаңтар трагедиясынан кейін жағдай ушыға түседі», «Демократиялық реформалардың барлығы бұғатталады», «Авторитарлы үрдістер өсе түседі» іспеттес пікірлер. Екіншісі, сөзсіз қоғамның ішіндегі демагогиялық-популистік бағыттағы асыра сілтейтін пікірлерді немесе ойларды күткен сияқты көрінді. Бірақ енді өзіміз байқағандай, Қаңтар трагедиясынан бері Президенттің қоғамның алдына шығуы шын мәнінде көптеген дақпыртты, қауесетті тыятындай, жоятындай әсер қалдырады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. 

Сонымен қатар ол оң өзгерістер орын алып жатқанын алға тартты. 

Шынымен, осы уақытқа дейін Парламент, бұрынғы Nur Otan, қазіргі AMANAT партиясы туралы біраз әңгімелер айтылған еді. Оның барлығы жоққа шығарылып жатыр. Парламент өз жұмысын жалғастырады. Себебі үлкен реформаларды жүзеге асыру керек. AMANAT партиясы өзінің қайта құру жұмыстарын бастап кетті. Оның фракциясы, Мәжіліс депутаттары өзінің баспасөздегі белсенділігі тұрғысынан Үкіметтен әкімдерді басып озғаны анық. Бұл да орын алып жатқан өзгерістердің бір көрінісі деп ойлаймын, - деді Айдос Сарым. 

Өзгелердің жаңалығы