Президент тапсырмалары өңірлерді дамытуға тың серпін береді

17 Наурыз 2022, 13:06
1574
Бөлісу:
Президент тапсырмалары өңірлерді дамытуға тың серпін береді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар туралы жариялады. «Көкшетау» газетінің редакторы Гәкку Бәйішева Жолдауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

«Қазақстандықтар Президенттің Жолдауын тағатсыздана күтті. Мемлекет басшысы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарына тергеу барысы, қастандық жасаушылардың себептері мен мақсаттары туралы жария етуге уәде берді. Президент сын сағатта хлықпен бірге екенін дәлелдеді. Жолдауда ол мемлекеттік төңкеріс тақырыбына жеке блок арнады. Президент бұл ауқымды және егжей-тегжейлі жасалған операцияның мақсаты – билікті ығыстыру, халық пен шетелдік жұртшылық алдында оның беделін түсіру екенін атап өтті. Қайғылы оқиғаларға кінәлілердің бәрі қоғамдағы лауазымдары мен ұстанымдарына қарамастан жазаға тартылатынына баса назар аударды. Президент ұйымшылдықты, ұлтаралық келісімді, билік пен қоғам арасындағы диалог мәдениетін сақтай отырып, біз еліміздің тәуелсіздігін нығайтатынымызды, ал бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыз екенін атап өтті», – дейді Гәкку Бәйішева.

Оның пайымынша, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын монументалды деп атауға болады.

Стратегиялық құжат Президенттің өкілеттіктерін Парламенттің пайдасына қайта қарауды және партиялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, сайлау процесін ғана емес, әкімшілік-аумақтық реформаларды да жаңғыртуды көздейді. Саяси реформалар мен іргелі әлеуметтік-экономикалық шаралардың шын мәніндегі ауқымды бағдарламасы еліміздің дамуына тың серпін беруге тиіс, - деді ол.

Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын жаңа Қазақстанды жаңа ережелер мен заңдарға сәйкес құруға шақырды.

 Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық» деген Мемлекет басшысының сөзібаршамыздың көкейімізде жүрген ой болатын. Әрі еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Президент құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделгенін де атап өтті. Бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керектігін алға тартқан Мемлекетбасшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынғаныда көңілге қонды, – деп атап өтті Гәкку Бәйішева. 

Ол атап өткендей, Президент БАҚ-тың төртіншібилік екенін тағыбір еске салып, БАҚ туралы заңдықайта қарау керектігінебаса мән берді.

«Мемлекет басшысы елдің қауіпсіздігі БАҚ пен журналистердің жұмысына байланысты екенін, олар мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеуі, әлемде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарасы болуы, өз жұмысына абайлап және шын жүректен қарауы, ақпаратты Қазақстан халқына ашық жеткізуі тиіс екенін атап өтті. Бұлөңірлердегі журналист қауымының жұмысын ширататүседі деген сенімдеміз. Өңірлерді дамытуға серпін берілетінін алғатартқан Президент әкімдер сайлауына қатыстыоң өзгерістердің болатынын жеткізді. Жаңатөрт облыстың пайдаболуы да тұралапқалған көптеген шаруашылықтардың тамырына қан жүгіртіп, өңірлердіңқайта өркендеуіне ықпал етпек», – деп түйіндеді Гәкку Асылбекқызы.

 

Өзгелердің жаңалығы