Дайрабаев Жолдау туралы: Көп азаматтың көкейінде жүрген бастама айтылды

17 Наурыз 2022, 13:06
1293
Бөлісу:
Дайрабаев Жолдау туралы: Көп азаматтың көкейінде жүрген бастама айтылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саяси Adal партиясының IX съезінде саяси кеңес мүшесі Жигули Дайрабаев айтты.

Поезиденттің кезекті Жолдауын барша қазақстандық күтті. Саясат, экономика саласында адам көңіліне қонымды бірқатар реформа айтылды. Бір сағаттан астам уақыт болған Жолдауды өзім де тыңдадым. Көп азаматтың көкейінде жүрген бастама тосынсый болды. Ол -Қапшағай қаласын ұлт көсемі Дінмұхаммед Қонаевтың есімімен атау, - деді Дайрабаев.

Оның айтуынша, бұл бастама көптің көңілінен шыққан.

Тағы бір мәселе-жаңа облыстардың ашылуы. Жетісу, Ұлытау және Абай облыстары жаңадан құрылады. Абай,Ұлытау - қазақтың қаймағы бұзылмаған өңірлер. Жаңадан құрылған облыс орталықтары қайта өркендеп, болашақ жастарына үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл үлкен қуаныш сыйлады,-деді Дайрабаев.

Ол атағандай, Жолдауда шаруалардың жағдайвн жақсартуды тапсырды.

Әрине, азық-түлікпен 19 млн халықты қамтамасыз ету маңызды. Оның қайнар көзі ауыл шаруашылығында екені ақиқат. Мемлекет үшін ең бастысы-саяси тұрақтылық. Жалпы әлем бойынша бейбітшілік бооғанын қалаймыз,-деді Жигули Дайрабаев.

Өзгелердің жаңалығы