Елордалықтар Наурыз мейрамын қайда атап өте алады?

17 Наурыз 2022, 21:10
1322
Бөлісу:
Елордалықтар Наурыз мейрамын қайда атап өте алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абу Даби Плаза Елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесінің қарсаңында 19-20 наурыз күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады. Сауда орталығының қонақтарын жарқын ойын-сауық бағдарламасы мен сыйлықтар ұтыс ойыны күтіп тұр.

Мерекелік бағдарламаны Ұлттық филармонияның кәсіби әртістерінің музыкалық қойылымдары ашады, олар сауда орталығының қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, халық мәдениетінің таңғажайып әдемі әлеміне саяхаттауға көмектеседі.

Сағат 13.00-де және 18.30-да «Қорқыт» этно-ансамблі қазақтың ұлттық аспаптарында халық музыкасын орындайды.

Сағат 14.00-де, 17.00-де және 19.00-де Әбу Даби Плазаның бірінші қабатындағы сахнаның сәнін «Шалқыма» халық би ансамблі келтіреді.

Сондай-ақ бірінші қабатта, сауда орталығының атриумында қазақ халқының мәдениетінің ерекшеліктері, салт-дәстүрлері туралы танымдық және қызықты дәрістер өтеді. Оларды ғалым, этнограф, этнография және антропология ғылымдарының кандидаты, «Халық-Қазына» ғылыми-зерттеу институтының материалдық емес мәдени мұра орталығының жетекшісі Әйгерім Мұсағажинова өткізеді.

Дәріс кестесі:

15.00 – «Қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасы» тақырыбында дәріс;


16.00 – «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» тақырыбында дәріс;


17.30 – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында дәріс.

Сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан тағы бір іс-шара – көркем суреттер көрмесі. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген заманауи суретшілер жасаған 17 ерекше жұмысты көруге болады. Жас талантты иллюстраторлар Disney мультфильмдерінің танымал кейіпкерлерін қазақ ұлттық стилінде ұсынды. Олардың ішінде: Мулан, Рапунцель, Аладдин және Жасмин, сондай-ақ қазақтың ұлттық киімдері мен стилистикасындағы басқа да көптеген кейіпкер бар.

Көрменің інжу-маржаны өз жұмыстарында әртүрлі элементтер мен жанрларды пайдаланатын, Шығыс және Батыс мотивтерін, өткен мен бүгінді, дәстүрлер мен қазіргі заманды шебер үйлестіретін танымал қазақстандық суретші, иллюстратор және дизайнер Мими Ильницкаяның жұмыстары болмақ.

Көрме 18-30 наурыз аралығында жұмыс істейді.

Бұдан басқа, іс-шараларда балаларға арналған аквагрим аймағы жұмыс істейді, сыйлықтар мен жүлделердің ұтыс ойындары өтеді, сондай-ақ күн сайын 30 наурызға дейін орталықтың бірінші қабатында ұлттық кәдесыйлар жәрмеңкесі өтеді, онда келушілер туыстары мен жақындарына сыйлықтар сатып ала алады. Олардың ішінде: зергерлік бұйымдар, сутаж жібінен жасалған әшекейлер, тақиялар, аяқ киімдер, орамалдар, киізден және кестеден жасалған шифон орамалдар, керамикадан, былғарыдан, ағаштан және полимерлі саздан жасалған бұйымдар, саз сырнай және тағы басқалар. Сондай-ақ жәрмеңкеде 3-7 сынып оқушылары мен «ҚОЛӨНЕР» мәдениет үйінің оқушылары жасаған кәдесыйлар ұсынылады.

Барлық ойын-сауық пен іс-шара келушілерге тегін ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы