Жапонияның солтүстік-шығысында қатты жер сілкінісі орын алды

17 Наурыз 2022, 00:14
1544
Бөлісу:
Жапонияның солтүстік-шығысында қатты жер сілкінісі орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магнитудасы 7,3 балл болатын жер асты дүмпуі Фукусима префектурасының Намиэ ауылынан 66 шақырым жерде орын алды. Зілзала ошағы теңіз түбінде 33 шақырым қашықтықта тіркелді.

Солтүстік-шығыс жағалау тұрғындарына теңізге жақындамауға, ал толқын көтерілгенде үстелдердің астына тығылу қажеттігі ескертілді, деп жазады mk.ru.

Мияги мен Фукусима префектураларына биіктігі шамамен бір метр болатын цунами қаупі төніп тұрғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, ел астанасында қабырғалар дірілдеп, ыдыс-аяқ шылдырлаған.

 

Өзгелердің жаңалығы