Все новости за 28 мамыр 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
EURO – 2020 ойындары отандық телеарналардан көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым және 11 шілде аралығында өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионаттың барлық ойындарын Qazaqstan мен Qazsport арналарынан тікелей эфирде көре алады.
-
Қытайда көшенің атын қазақ композиторының құрметіне орай атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гуанджоу көшелерінің біріне қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтың есімі беріліп, ескерткіш орнатылды.
-
ШҚО. Масканы иегіңізге түсіріп жүрсеңіз айыппұл төлейсіз
27 мамырда мониторингтік топ 77 нысанды аралады.
-
Қазақстанға жұқпалы бактериясы бар картоп пен сәбіз тұқымы жеткізілмек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Импортталған тұқымдардан сәбіз бен балдыркөктің барлық дақылдарын жойып жібере алатын бактерия анықталды.
-
Шетелде жүрген қазақстандықтар анықтамаларды eGov.kz арқылы ала алады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелде жүрген кез келген қазақстандық некені қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, аты-жөнін өзгерту бойынша қызметтер мен қайтыс болуы туралы анықтаманы eGov.kz арқылы ала алады.
-
Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 142 млрд-тан аса соманы қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 141,3 млрд теңге қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
-
Хоккей. Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 28 мамырда Қазақстан құрамасы Канадамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Қарағандыда Карлаг зерттеушісі құнды құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты өткен ғасырдағы қуғын-сүргіннің қатыгез қасіреті туралы шындықты толық ашуға көмектесетін құнды құжаттармен толықтырылды.
-
Мадридте Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания астанасының танымал «Мадрид Казино» ғимаратында (Испанияның саяси және іскери топтарының элиталық клубы) еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» атты конференция өтті.
-
Елордада тағы бір сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялайтын сауда орындарының тізімін қаланың оң жағалауындағы «Евразия» сауда үйі толықтырды. Мұнда азаматтар вакцинаның екі түрін қабылдай алады: ресейлік Спутник-V препараты және қытайлық SinofarmHayat-Vak вакцинасы.
-
Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістанда өткен «Ұлы Жібек жолы – ұлы мұра» атты гибриттік форматтағы алғашқы туристік форум өтті.
-
Қарағандыда әйел 3 жасар баласымен бірге терезеден секірмек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қолына үш жасар баласын алған 24 жастағы әйел терезеден секіріп кете жаздады.
-
Алматы қаласының бас имамы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы болып тағайындалды.
-
Қазақстандықтар маусым айында қай елдерге ұша алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы маусымда елімізде халықаралық бағыттарда әлемнің 13 еліне 43 бағыт бойынша аптасына 122 рейс орындалады.
-
Кәсіпкерлердің қазіргі басты мақсаты бар кәсібін қалыпты ұстап қалу
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Карантиндік шектеулер бизнестің дамуына кері әсерін берді. Кәсіптер тұралап, кәсіпкерлер шығынға ұшырады. Қазір көптеген бизнес нысан «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмысын кедергісіз бастап жатыр. Атырау облысындағы кәсіпкерлердің мәселесі бойынша аймақтағы кәсіпкерлер палатасы директоры Идресов Абдолла Хамиұлымен сұхбаттасқан едік.
-
Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы қару-жарақ пен әскери-техниканы сақтау және жөндеу базасында жөндеу цехы пайдалануға берілді.
-
Мамин: ТМД елдерінің Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Минск қаласына сапары аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысты, онда пандемиядан кейінгі кезеңде ТМД экономикасын тұрақты дамытудың жаңа күн тәртібін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
-
Түркістан облысында жылына 150 «ерекше» балаға көмек бере алатын кабинет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
-
Елордада үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Саясаттағы әйелдер сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өтті.
-
Табылған жас туристер жақындарымен қауышты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында табылған 7 туристің үшеуі жақындарымен табысты.
-
Нығматулин: Мәжілістің басты назарында – Мемлекеттік басқаруды реформалау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
-
Ауыл әкімдерін сайлау: Әйелдер кадрлық резерві жасақталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстан әйелдер күштері альянсы» ЗТҰ қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
-
Сарапшылар алматылық акушердің бойында вакцинациядан кейін құрысудың пайда болу себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы мамандар бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Абаев: Ресеймен байланысымыздың тарихы кеңестік оқулықтарда жазылған кезеңнен гөрі тым тереңде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәурен Абаевтың пайымдауынша біз бабаларымыздың шетсіз-шексіз аймақты мекен еткен көшпелілер емес, керісінше, өз уақытындағы көшпелі өмір мен отырықшы тұрмыс салтының озық тұстарын үйлестіріп, империялық деңгейде үстемдік құрған халық болғанын байқаймыз.
-
Қазақстанда репрессия құрбандарының бірыңғай республикалық базасы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсе өкілі Махаббат Қозыбаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесуінде айтты.
-
Алтын Орданың дәуірлеген тұсында қазақ халқының этногенездік портреті қалыптасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлық Ұлыс - әлемдік тарихтағы Алтын Орданың рөліне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ұлыс тарихына қатысты ойын айтты.
-
«Депортациялар тарихынан» жинағының соңғы томы әзірленіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті архивінің ғылыми қызметкері Мұхаммед Жылгелдинов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесуінде айтты.
-
#Желмая. Одақ тұсында ең көп «халық жауы» неге қазақтан шықты? Тарихшы ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.
-
Абаев: Тарихты мифке айналдыру, өткенді әсіре мақтау – өрге бастамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі әлемдік тарихтағы Алтын Орданың рөліне арналған «Ұлық Ұлыс - Алтын орда: бастауы, тарихы және мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
-
«АЛЖИР» лагерінде болған әйелдердің лагерлік көші-қон картасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрасының доценті Халил Маслов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесу барысында таныстырды.
-
«Almaty Bala Fest» өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Almaty Bala Fest» балалар фестивалі өтеді. Жобаға Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.
-
Қазақстандағы вакцинация және қажылық сапары. ДСМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қажылыққа баратын уақыттың жақындағанына байланысты халықтың арасында көптеген сұрақ туындап жатыр. Соның бірі вакцинаға қатысты. Өйткені қажылыққа бару үшін індеттен сақтану мақсатында вакцинация алған туралы сертификант болуы шарт.
-
Елбасы музейінде ел дамуына үлес қосқандар кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті музейінде мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан түрлі буын өкілдерінің кездесуі өтті.
-
Әр адам еліміздің тұрақтылығын сақтаудағы жауапкершілігін сезінуі керек - Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесу барысында айтты.
-
Министр жастарға арналған тарихи бағдарламаларды көбейту мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесу барысында айтты.
-
Қарағанды облысында 100 жеделсаты жаңартылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы аймақтың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Сәтбаев және Шахтинск қалаларында 102 лифт жаңартылған. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Жоспарда 100 жеделсатыны жаңарту.
-
ТЖМ: Табылған үш турист эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында табылған 7 туристің үшеуі эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Астананың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үйге құжат қабылдау басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
-
Тарихты зерттеп жүрген жастарды қолдауды күшейту керек – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Алжир» мұражай-мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жас тарихшылармен кездесуінде айтты.
-
ДДСҰ бас директоры вакцинация бойынша көптеген ел Қазақстанның деңгейіне жетпегенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Коронавирустан вакцина ғана құтқарады – Мәдина Ермаханбетова
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласындағы Жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы күйіп қалған, терісінде тыртық қалған адамдарды емдейтін аурухана ретінде белгілі. Орталық дәрігерлері коронавирус пандемиясында шет қалмай, індетпен талмай-тынбай күресіп, адамдарды аман алуға барын салды. Есімі елге белгілі маман, осы орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетовамен әңгімелесіп, аурухана жұмысы туралы білдік.
-
Қызылорда облысында егінді әртараптандыруға ерекше ден қойылды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты егінді әртараптандыруға айрықша көңіл бөлінуде.
-
Құран алғаш рет көне түркі тіліне аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық Түркі академиясы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция өткізді.
-
Аида Балаева жас тарихшылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алжир» мұражай-мемориалдық кешенінде «Тарихи сана- тәуелсіздіктің рухани тұғыры» тақырыбында жас тарихшылармен кездесті.
-
Шенеунік Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбаттауының себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа үйлер яғни бастапқы нарықтағы үйлердің бағасы 5,5, екінші нарықтағы үйлердің бағасы 12,3 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Open Space-те өткен конференцияда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.
-
Әбдіғалиұлы: Бұл кітап – ашаршылық бойынша жүйелі база қалыптастыру жолындағы алғашқы қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбекте ашаршылыққа қатысты 1928-1934 жылдар аралығындағы тарихи құжаттар мен деректер жинақталған.
-
Неге Instagram-да жауап бермейсіз? – Аймағамбетов оқырманының сұрағына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқырмандар сұрағына жауап берді.
-
Аймағамбетов директорлар ротациясы қалай жасалатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ел мұғалімдері ротацияға қатысты сауал жолдады.
-
Шаруалар «Кең дала» бағдарламасының қаржысын толықтай игерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл да көктемгі егіс науқанына республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді.
-
Маса келіп, маза кетті. Атыраулық тұрғындар мұңын шақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Масадан мезі болған Атырау жұрты жанайқайын айтты. Жергілікті билік зиянкестерді улауға 126 млн теңге бөлген екен. Бірақ нәтижесі көрінбейді дейді тұрғындар.
-
Корпорация сатып алынатын дақылдар тізімін ұлғайтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Қарауылов айтты.
-
Аймағамбетов балабақшамен қамтуға байланысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке еліміздегі балабақша мәселесі туралы айтты.
-
Шығыс Қазақстанда өрттен бес жасар бала құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде 1 бала құтқарылып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
-
Ғалым: Сталиннің қазақ халқын қырып тастауға мүмкіндігі бар еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі ғалым Талас Омарбек ашаршылықты геноцид деген пікірге қатысты ойын айтты.
-
Оқушылар 1 қыркүйекте мектепке орала ма? Аймағамбетов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке көрермендер оқушылардың қашан мектепке оралатыны туралы сауал жолдады.
-
Түркістан облысында жоғалған 7 туристің үшеуі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында жоғалған жеті туристің үшеуі табылды.
-
Егіс науқанына арналған дизель бағасы нарықтағыдан арзан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.
-
Көзі тірі болғанда Абайды да кәмпескелейтін еді – ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағының таныстырылымы кезінде белгілі ғалым Талас Омарбек осындай пікір айтты.
-
Биыл әлеуметтік маңызы бар дақылдардың алқаптары кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға назар аударылды.
-
Ашаршылық туралы құжаттардың жинағы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Сенатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарық көрген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбекті таныстыру рәсімі өтті.
-
Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы-2021» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды.
-
Сенат бұл саладағы жұмыстарға әрқашан қолдау көрсете береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа туындыны Сенаттың аштық тақырыбын зерттеуге қосқан нақты үлесі деуге болады. Бүгін Сенатта таныстырылған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы жайлы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
-
Әшімбаев: Ортақ тарихи таным – біртұтас ұлттық сана қалыптастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Қазіргідей сын-қатерлер заманында елдігімізді мызғымастай берік ету – біздің басты міндетіміз. «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағының таныстырылымында ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
-
Әшімбаев: Кезінде ашаршылыққа қатысты құжаттар ғалымдар үшін қолжетімсіз болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруды, сол арқылы ашаршылық пен қуғын-сүргіннен қырылған халықты толық ақтауды тапсырған болатын.
-
Алапат қасіреттің салдарынан халқымыздың тең жартысы қырылды – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағының таныстырылымы өтті.
-
Дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алған кездегі уақыт еңбек өтіліне қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім болды.
-
Мұғалімдердің жалақысын өсіруге қанша қаражат бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
#ГендерLIKE. Ерлі-зайыптылар ажырасса да, әке-шешенің ажыраспағаны абзал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында алимент төлеу мен ажырасу, ата-ана мен ерлі-зайыптылардың бала алдындағы міндеті, ерлі-зайыптылар мен әке-шешенің ажырасуындағы айырмашылық тақырыптары талқыланды. Бағдарлама қонақтары – Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ерлан Пернешұлы және психолог Нұргүл Молдабайқызы.
-
2020 жылы БҒМ-ға 6500 арыз-шағым түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім болды.
-
Елімізде 540 мыңнан астам педагог бар – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт баланы тауып, ата-анасына тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек екенін айтады. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 7, 5, 4 жастағы ұл балалары таңертеңгі уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін балалады таба алмай қалады. Анасы өзі ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұрайды.
-
ШҚО-да балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қомақты қаржы бөлінді
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл өңірде балаларға түрлі шеберлік сағаттарына, конкурстар мен театрлық қойылымдарға қатысуға мүмкіндік беретін онлайн лагерлер жұмыс істейтін болады.
-
Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияда өткен президент сайлауында 95,1% дауыс жинаған елдің қазіргі президенті Башар Асад жеңіске жетті, деп жазды korrespondent.net.
-
Шығыстың шалғайдағы жайылымдары инфрақұрылыммен қамтылады
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің шалғайда орналасқан мал жайылымдары сумен және жарықпен қамтамасыз етіледі.
-
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 қызмет қолжетімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 27 мамыры – Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz интернет-порталы арқылы некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттарды тапсыра алады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда Тұран даңғылындағы «Bus Lane» іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 мамырдан бастап Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген «Bus Lane» жолағы іске қосылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Өткен тәулікте шетелден келгендердің бәрінде ПТР анықтама болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 27 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
«Ұлы дaлa aлтыны» көрмeci Ұлыбританияға аттанады
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Ұлы дaлa aлтыны» көрмeci Ұлыбританиядағы Кeмбридж музейінде ұйымдастырылады.
-
COVID-19: Атырау облысы «сары» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға батып бара жатқан 2001 жылғы қызды құтқарғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асылбек Нұржановты марапаттады. Оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табысталды.
-
Жақын арада Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші қабылдау басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын арада Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-дағы каналында жазды.
-
Жамбылға қоныстандырылған поляктар туралы деректер жетерлік – архив директоры
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында отандық және шетелдік архивтерде іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын қолға алуды тапсыруы барымызды бағамдауға бағдар болып отыр.
-
Індетке шалдыққан 154 адамның жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Коронавирустың «олимпиадалық» штамы пайда болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарын биыл жазда өткізуге Жапония дәрігерлер одағының басшысы да қарсылық танытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 2444 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2444 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1747 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1747 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Қарағанды облысында Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Т. Күзембаев атындағы шахтасында жаңа лава іске қосылады. Нысанды мемлекеттік комиссия қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Нысана көздеуден ел чемпионатының нәтижелері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қысқакалибрлі қарудан нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
-
Шымкентте жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық жүргізуші анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында төрт мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның жартысына жуығы көпбалалы отбасыларға арналған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Семейде ядролық медицина орталығы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде ядролық медицина орталығы ашылды. Елімізде мұндай емдеу мекемесінің аналогы әзірге жоқ. Оның ерекшелігі радиофармпрепарат негізінде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24.kz.
-
Жүзуден Литвадағы іріктеу турнирі: Әділбек Мусин алтын медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Литвадағы іріктеу турнирінің финалдық сынын аяқтады. Турнир соңында команда қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған тағы 20 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Қарсақбайда 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр – Қарағанды облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарсақбай кентінде «Жұмыспен қамту – 2021» жол картасы бойынша салынып жатқан 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы күзде аяқталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Министр: Біздің мақсатымыз – орта және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін инфрақұрылым құру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Парламент депутаттарымен, бизнес өкілдерімен, қоғам өкілдерімен және бірнеше министрліктен, өңірлік әкімдіктерден және қаржы ұйымдарының өкілдерімен болашақ ұлттық тауар өткізу жүйесін талқылап, сауда-саттық, агросала жағдайы туралы жиын өткізді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Наверх