Аймағамбетов балабақшамен қамтуға байланысты тапсырма берді

28 Мамыр 2021, 13:31
6507
Бөлісу:
Аймағамбетов балабақшамен қамтуға байланысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп беру кездесуі кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке еліміздегі балабақша мәселесі туралы айтты.

Алдыңғы жылы елімізде 362 жаңа балабақша ашылды. Өңірлердің басым көпшілігінде балабақшамен қамту 100 пайызға жетті. Дегенмен әлі де кезекте тұрған балалар бар. Сол себепті біріншіден, осы көрсеткішті 100%-ға жеткізу мақсаты тұр. Екіншіден, әрине, екі жастан бастап балаларды балабақшамен қамту мәселесі, - деді Аймағамбетов.

Министр бұл бағытта жұмыс жалғастырылатынын жеткізді.

Өте жағымды, жақсы жаңалықтың бірі – бұл жекеменшік балабақшалар үлесінің артуы. Еліміздегі балабақшалардың 44 пайызы жекеменшік балабақшалар. Жекеменшік балабақшаларды жан басына қаржыландыру тетігі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - дейді БҒМ басшысы.

Бұл тұрғыда балабақшалар жұмысының жаңа моделі жасалды. Министр атап өткендей, балалар 2-3 жастарында ойынның негізінде дамиды.

Еске сала кетейік, бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықтың алдында есеп беріп, туындаған маңызды сұрақтарға жауап берді. Кездесу онлайн форматта өтті.

Өзгелердің жаңалығы