Қазақстандықтар маусым айында қай елдерге ұша алады?

28 Мамыр 2021, 20:05
21070
Бөлісу:
Қазақстандықтар маусым айында қай елдерге ұша алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы маусымда елімізде халықаралық бағыттарда әлемнің 13 еліне 43 бағыт бойынша аптасына 122 рейс орындалады.

Қазақстандықтар алдағы айда мына елдерге бара алады:

Түркия: (Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл, Түркістан – Ыстамбұл, Алматы - Ыстамбұл, Шымкент - Ыстамбұл, Алматы - Анталья);

Біріккен Араб Әмірліктері: (Нұр-Сұлтан - Дубай, Алматы – Дубай, Нұр-Сұлтан/Алматы/Атырау/Ақтөбе/Қарағанды/ Шымкент/Ақтау/Орал – Рас-эль-Хайм, Алматы-Шарджа, Нұр-Сұлтан - Абу-Даби 2021 жылғы 25 маусымынан бастап, Алматы – Абу-Даби 26 маусымнан бастап);

Өзбекстан: (Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент, Ақтау - Үргеніш, Алматы - Самарқанд);

Ресей: (Нұр-Сұлтан - Мәскеу, Алматы - Мәскеу);

Қырғызстан: (Алматы - Бішкек, Түркістан - Бішкек);

Беларусь: (Нұр-Сұлтан - Минск);

Украина: (Нұр-Сұлтан - Киев, Алматы - Киев);

Германия: (Нұр-Сұлтан/Алматы - Франкфурт, Орал - Франкфурт, Атырау - Франкфурт);

Грузия: (Алматы - Тбилиси, Нұр-Сұлтан – Кутаиси,

Ақтау - Кутаиси және Атырау - Кутаиси);

Тәжікстан: (Алматы - Душанбе);

Оңтүстік Корея: (Алматы - Сеул);

Египет: (Нұр-Сұлтан – Шарм-эль-Шейх, Алматы – Шарм-эль-Шейх).

Сонымен қатар, маусым айынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Қазақстан мен Черногория арасындағы бағытта рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Нұр-Сұлтан - Подгорица (9 маусымнан бастап) және Алматы – Подгорица (10 маусымнан бастап).

Өзгелердің жаңалығы