Шығыстың шалғайдағы жайылымдары инфрақұрылыммен қамтылады

28 Мамыр 2021, 10:51
1471
Бөлісу:
Шығыстың шалғайдағы жайылымдары инфрақұрылыммен қамтылады

Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің шалғайда орналасқан мал жайылымдары сумен және жарықпен қамтамасыз етіледі.

Аталмыш жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына орай арнайы комиссия құрылып, іске кірісті.

Көптеген шаруа қожалықтарының төрт түлікті суаруға, сондай-ақ басқа да жағдайлары жоқ алыста орналасқан жайылымдардан бас тартуы өңір басшылығының осындай қадамға баруына себеп болып отыр. Бұған қоса, бүгінгі таңда облыстың Аягөз, Тарбағатай, Ұлан және Жарма сынды аудандары аумағында жайлым жерлердің тапшылығы сезіле бастаған.

Қазіргі уақытта аймақта 19,5 миллион гектар жайылымдық алқаптар бар. Пайдаға жаратылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы да бар. Бүгінгі күні 105 мың гектар жерді иелері өз еріктерімен бас тартып, мемлекет меншігіне қайтарып та үлгерді. Оған қосымша аталмыш құжатқа сәйкес, 28,4 мың гектар жер алдағы уақытта қайтарылатын болады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысында мал басы да жыл санап артып келеді. Сол себепті, қазіргі таңда жайылымдық жерлердің санын арттырып, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып саналады.


Өзгелердің жаңалығы