Табылған жас туристер жақындарымен қауышты

28 Мамыр 2021, 18:18
2189
Бөлісу:
Табылған жас туристер жақындарымен қауышты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында табылған 7 туристің үшеуі жақындарымен табысты.

Еске сала кетсек, 21 мамыр күні сағат 8 уақыт шамасында 7 адамнан құралған бір топ турист таулы жорыққа шыққан.

Табылған жас туристер жақындарымен қауышты

Кеше ТЖМ баспасөз қызметі Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы туралы хабарлаған болатын.

Олардың жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті.

Табылған жас туристер жақындарымен қауышты

Бүгін ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылғанын мәлімдеді.

Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр, - делінген болатын хабарламада.

Сонымен қатар Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев табылған туристердің жағдайы туралы айтты.

2021 жылдың 28 мамырында таңғы сағат 6:30-дан бастап алты бағыт бойынша іздестіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ 9:00-ден бастап әуеге еурокоптер ЕС 145 тікұшағы көтеріліп, нәтижесінде жоғалған 7 адамның үшеуі Өгем шатқалынан табылды. Сағат 13:10-да құтқару жұмыстары аяқталып, 13:45-те құтқарылған азаматтар Шымкент қаласында орналасқан әуежайға жеткізілді, - деді ол.

Табылған туристердің екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған.

Азаматтар медициналық және психологиялық көмекке мұқтаж емес. Олардың айтуынша, осыдан үш күн бұрын 25 мамыр күні екі топқа бөлінген және қалған төрт азамат Өгем шатқалының төмен жағына бағыт алған, - деді ТЖД өкілі.

Қазіргі таңда құтқарылған азаматтар Төлеби ауданында орналасқан шұғыл штабқа жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Қалған 4 туристті іздестіру бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы